Қазақстандықтардың орташа жасы анықталды

Қазақстандықтардың орташа жасы анықталды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық статистика бюросының ресми Telegram арнасына сілтеме жасап.

Ресми мәлімет бойынша, 2023 жылдың басында қазақстандықтардың орташа жасы — 32 жас.

«2018 жылдан бастап орташа жас ұлғайды. Орта жастағы өсім ерлер мен әйелдер арасында да, ауыл мен қала тұрғындары арасында да байқалды. Биыл еркектердің орташа жасы — 30,5, ал әйелдердің орташа жасы – 33,7. Қала тұрғындарының орташа жасы ауыл тұрғындарына қарағанда жоғары, сәйкесінше 32,6 және 31,5 жас», — делінген Ұлттық статистика бюросының хабарламасында.

СҚО–дағы өңірлер арасында ең жоғары орташа жас — 38,9 жас, Маңғыстау және Түркістан облыстарында ең төменгі жас — 27,6 жас.

Айта кетейік, 2023 жылы 1 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында халық саны жыл соңына дейін 20 миллион адамға жететінін айтқан еді.

Алматыдағы кісі өлімімен аяқталған ірі жол апаты: Қазақстандықтар ашық сотты талап етуде

Жол апатынан 3 адам қаза тапты. Алматыда әл-Фараби даңғылында болған...

Қазақстанда жаңа арзан ипотека бағдарламасы іске қосылады

Жеңілдетілген ипотека бағдарламасы Қазақстанда негізгі салалардың бірінің өкілдеріне арналған. Үкімет...

Атыраудағы түрмеде төбелес шыққан: сотталғандардың бірі көз жұмды

Атыраудағы түзеу мекемесінде сотталғандар арасында жанжал шығып, салдарынан бір...

Қандай жағдайда көлік айдап келе жатып телефон ұстауға болады? ІІМ түсіндірді

Қазақстанда жүргізушілерге рөлде отырып телефон қолдануға болмайтыны ескертілді, -...

Бүгін Алматыда жалпықалалық сенбілік өтеді

23 наурыз – Тазару күні аясында Алматыда жалпықалалық сенбілік өтеді.