12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Қазақстанда тоғыз су қоймасы пайда болады

Келер екі жылда республикада 9 су қоймасы салынады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.

Қазір 16 апатты нысанда күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. Енді мамандар 15 су қоймасында қайта құру жұмыстарын жүргізеді. Президенттің тапсырмасы бойынша республикада 20 резервуар салу керек. Бұл қосымша 800 миллион текше метр су жинауға мүмкіндік береді.

«Халықтың және экономика салаларының қажеттіліктері үшін су тартудың жалпы көлемі шамамен 25 текше шақырым, оның ішінде ауыл шаруашылығына 65 пайыз, өнеркәсіпке 30 пайыз, қалғаны халық үшін пайдаланылады. Әзірленіп жатқан Су кодексінде жаңа тарифтік саясаттың негізгі бағыттары ескеріледі. Саланы цифрландыру және тиімді тариф қалыптастыру мәселені шешуі тиіс», — деді су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары Сейілбек Нұрымбетов.

Президенттің сынынан кейін биыл шілдеде Астана су қоймасын тазарту басталды. Астаналық су қоймасы 1970 жылы салынғаннан кейін мүлде тазартылмаған. Бұл Астананы ауыз сумен қамтамасыз ететін жалғыз су қоймасы. Оның жалпы көлемі 410,9 миллион текше метр.

Еске салайық, Қасым-Жомарт Тоқаев 11 шілдеде елорданы дамыту мәселелері жөніндегі кеңес барысында Экология министрлігін сынға алды. Оның айтуынша, елорда толығымен Астана су қоймасына тәуелді, басқа су көздері жоқ, ал бұл өте қауіпті.

Курс на укрепление государственности

УКАЗОМ ПРЕЗИДЕНТА РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН ПРОВЕДЕНИЕ РЕСПУБЛИКАНСКОГО РЕФЕРЕНДУМА ПО ВОПРОСУ ПРИНЯТИЯ НОВОЙ КОНСТИТУЦИИ НАЗНАЧЕНО НА 15 МАРТА. ДОКУМЕНТ О НАЗНАЧЕНИИ ВСЕНАРОДНОГО ГОЛОСОВАНИЯ ПОДПИСАН ПО ИТОГАМ ПРЕДСТАВЛЕНИЯ ГЛАВЕ ГОСУДАРСТВА РЕЗУЛЬТАТОВ РАБОТЫ КОНСТИТУЦИОННОЙ КОМИССИИ.

Қазақстанда көріпкелдер салық төлеуге және жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге міндетті ме?

Қазақстанда көріпкелдердің қызметін лицензиялау және оларды салыққа тарту мәселесі талқыланып жатыр.

Ораза инфляцияны тежей ме? – сарапшы пікірі 

Рамазан айы – рухани тазару кезеңі. Бірақ қоғамда «Ораза кезінде халық аз тұтынады, демек баға да төмендеуі керек» деген пікірлер бар.

Қазақстанда 490 мектеп директоры жетіспейді: Бос орындар қай өңірде көп? 

Қазақстанда мектеп басқару жүйесі түбегейлі өзгеріп жатыр. Оқу-ағарту министрлігі мектеп директорларын тағайындаудың жаңа қағидаларын бекітіп, 10 жылдан артық бір орында отыруға тыйым салды.

Парламент депутаттары референдумнан кейін өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуы мүмкін

Конституциялық реформа бойынша референдум өткізілгеннен кейін Парламент депутаттары өкілеттігінен...