Жақын арада Қазақстанда вейпті таратуға және сатуға тыйым салынуы мүмкін. Ішкі істер министрі Ержан Сәденовтен заң талаптарын орындамағандар қалай анықталатыны сұралды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
«Жедел жұмыс, бізде ол заңды негізде. Барлық тетік бар», — деді министр Мәжіліс кулуарында.
Журналистер «қазақстандықтарды көшеде тоқтатып, олардан вейпті қайдан алғаны сұрала ма» деп нақтылау сұрағын қойды.
«Керек болса, табамыз», — деп қысқа жауап берді Сәденов.
Еске салайық, Қазақстанда вейп әкелуге, өндіруге және сатуға тыйым салынуы мүмкін. Тиісті заңды 24 қаңтарда Мәжіліс депутаттары екінші оқылымда қабылдады. Құжат Сенаттың қарауына жіберілді.


