Қазақстанда жаңа институт пайда болады

Қазақстанда жаңа институт құрылады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Су ресурстары және ирригация министрлігіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, мекеме Каспий теңізі ғылыми-зерттеу институты деп аталмақ. Министрлік тиісті қаулы жобасын әзірлеп қойған.

«Институт Каспий теңізінің экологиялық проблемаларын, су деңгейінің төмендеуі проблемасын, итбалықтар мен балықтардың жаппай қырылу себептерін, Каспий итбалығының популяциясын, ихтиофаунаны, акватория мен теңіз жағалауын сақтау мәселелерін зерттейтін болады.

Тағы бір бағыт – Каспий маңындағы басқа мемлекеттердегі әріптестермен тығыз қарым-қатынасты қамтамасыз ету. Сонымен қатар, институт Каспий теңізі экожүйесінің барлық аймағы бойынша объектив және тәуелсіз ақпарат беретін болады», — деп хабарлады СРИМ.

Алынған мәлімет мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың кешенді шаралар қабылдауына негіз болатыны атап өтілді. Ғылыми ұйымның құрылуы да Каспий теңізін сақтау бойынша халықаралық және ұлттық міндеттемелерді толық орындауға мүмкіндік береді.

Тіл – халықтың қазынасы

Тіл – халықтың қазынасы» деген сөз бекер айтылмаған. Ана...

Санкционирование постановлений судисполнителей 

Санкционирование постановлений судебных исполнителей о временном ограничении на выезд...

Если наследник умер, не успев принять наследство

ИНОГДА ЖИЗНЬ РАСПОРЯЖАЕТСЯ ТАК, ЧТО НАСЛЕДНИК УХОДИТ ИЗ ЖИЗНИ,...

Опасный феномен «аптечной наркомании»

В ПОВСЕДНЕВНОЙ ЖИЗНИ ЛЮБАЯ АПТЕКА ТРАДИЦИОННО ВОСПРИНИМАЕТСЯ КАК ИНСТИТУТ,...