Қазақстанда есірткі қылмысы үшін 11 құқық қорғау қызметкері ұсталды

Қазақстанда биыл есірткі қылмысына қатысы бар деген күдікпен құқық қорғау органдарының 11 қызметкері ұсталды. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Снежанна Имашева айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Депутаттың айтуынша, полиция қызметкерлерінің өздері есірткі бизнесімен айналысады.

«Мафиямен күресушілердің өздері оған көмектесетіні ешкімге құпия емес. Биыл есірткі заттарын сатқаны және сақтағаны үшін құқық қорғау органдарының 11 қызметкері мен әскери қызметшілері ұсталды. Бұл көші-қон полициясының қызметкерлері, полиция департаменттері жанындағы есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармаларының басшылары мен жедел уәкілдері, ҰҚҚК қызметкерлері, түзеу мекемелерінің қызметкерлері, ТЖМ және әскери қызметкерлер», — деді Имашева.

Ол мұндай фактілерге жол беруге болмайтынын айтып, есірткімен айналысқан қызметкерлерді жұмыстан шығарып, лауазымын төмендетуді ұсынды.

«Жемқорлық ісіндегідей мұндай «қасқырлардың» бастықтары мен басшылары да жауапқа тартылуы, лауазымы төмендетілуі немесе қызметінен босатылуы керек», — деді депутат.

Бүгін Алматыда жалпықалалық сенбілік өтеді

23 наурыз – Тазару күні аясында Алматыда жалпықалалық сенбілік өтеді.

Бүгін барлық өңірде дауылды ескерту жарияланды 

"Қазгидромет" 23 наурызға арналған дауылды ескерту жариялады. Синоптиктер Астана, Шымкент қалаларында, 16 облыста, сондай-ақ Алматы тауларында қауіпті ауа райы құбылыстары күтілетінін ескертті.

Иран әуе кеңістігін жабу мерзімін ұзартты 

Иран билігі елдің әуе кеңістігіндегі ұшуларға қойылған тыйымды 29 наурызға дейін ұзартты.

Дәстүрдің экологиялық бейнесі: Алматыда қайта өңделген материалдардан жасалған ер-тоқым көрсетілді

Алматыдағы «Атакент» көрме орталығы алдындағы алаңда Бостандық ауданы әкімдігінің қолдауымен Funk креативті агенттігі ұйымдастырған «Наурыз Береке Мереке» атты ауқымды фестиваль өтті.

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады 

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады