Қазақстанда Астана есімді қанша адам бар?

Елорда күні қарсаңында Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық статистика бюросынан Астана есімді қазақстандықтар туралы мәлімет сұрады.

Бюро мәліметінше, Қазақстанда Астана есімді 26 адам тұрады, оның 18-і ер, 8-і әйел. Бұл ретте елорда құрметіне небәрі 17 адамға Астана есімі берілген, қалғандарына 1998 жылға дейін осы есім қойылған.

Балаларына «Астана» сөзі кездесетін есім қойған қазақстандықтар да бар. Бұл қыздар арасында Астанай және ұлдар арасында Астанали, Нұрастана сияқты есімдер.

Сондай-ақ, елорданың басты көрікті жерлерінің бірі «Бәйтерек» монументі құрметіне 41 адамға, қазақша «Бәйтерек» транскрипциясында 31 адамға есім берілген.

6 шілдеде Қазақстанның астанасы 25 жылдығын атап өтеді. Президенттің 1997 жылғы 20 қазандағы жарлығына сәйкес 1997 жылғы 10 желтоқсаннан бастап қазіргі Астана — бұрынғы Ақмола елорда болып жарияланды. Қазақстанның жаңа астанасының ресми тұсаукесері 1998 жылы 10 маусымда өтті.

Турнир по мини-футболу

17 ОКТЯБРЯ 2026 ГОДА В СПОРТИВНОМ КОМПЛЕКСЕ ФУТЗАЛЬНОГО КЛУБА...

Мақсат ХАЛЫҚ, қаржыгер-экономист: «ШЫҒЫНДАРДЫ ЖАЗЫП ОТЫРУДЫ ДАҒДЫҒА АЙНАЛДЫРУ ҚАЖЕТ»

Қазіргі қоғамда «қарыз, несие» деген ұғымдардың өмірімізге етене еніп...

Дружба, связанная правом и веками 

25 октября в Республике Казахстан отмечается главный национальный праздник...

ЕҰУ жас ғалымдарға баспаналы болу мүмкіндігін сыйлады

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (ЕҰУ) мен «Отбасы...

Қазақстанда жүлде қоры 30 млн теңгені құрайтын патриоттық әндер байқауы жарияланды

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңында республикалық патриоттық әндер...