«Қазақмыс» шахтасында жұмысшы қаза тапты

«Қазақмыс» кенішінде жұмысшы қаза тапты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі компания хабарламасына сілтеме жасап.

Ресми мәлімет бойынша, 5 қарашада «Қазақмыс» компаниясының кәсіпорны Шығыс-Жезқазған кенішінің № 57 шахтасында жазатайым оқиға болған.

«Жұмыстарды орындау кезінде 1984 жылы туған шебер қаза болды. Арнайы комиссия жазатайым оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтайды. «Қазақмыс» компаниясының басшылығы мен еңбек ұжымы қаза тапқан адамның туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтады», — делінген «Қазақмыс» хабарламасында.

Бүгін Алматыда жалпықалалық сенбілік өтеді

23 наурыз – Тазару күні аясында Алматыда жалпықалалық сенбілік өтеді.

Бүгін барлық өңірде дауылды ескерту жарияланды 

"Қазгидромет" 23 наурызға арналған дауылды ескерту жариялады. Синоптиктер Астана, Шымкент қалаларында, 16 облыста, сондай-ақ Алматы тауларында қауіпті ауа райы құбылыстары күтілетінін ескертті.

Иран әуе кеңістігін жабу мерзімін ұзартты 

Иран билігі елдің әуе кеңістігіндегі ұшуларға қойылған тыйымды 29 наурызға дейін ұзартты.

Дәстүрдің экологиялық бейнесі: Алматыда қайта өңделген материалдардан жасалған ер-тоқым көрсетілді

Алматыдағы «Атакент» көрме орталығы алдындағы алаңда Бостандық ауданы әкімдігінің қолдауымен Funk креативті агенттігі ұйымдастырған «Наурыз Береке Мереке» атты ауқымды фестиваль өтті.

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады 

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады