Қазалы ауданының прокуроры пробация есебінде тұратын азаматтармен кездесті

Қазалы ауданының прокуроры Әбіш Дарын Елтайұлы аудандық пробация есебінде тұратын азаматтарды қабылдады. Қабылдау барысында аудан прокуроры осы азаматтарға ҚР Үкіметінің «Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар кездесуге пробация есебіндегі сотталғандар қатысып, өздеріне тиісті көкейтесті сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптарын алды.

Сондай-ақ, Қазалы ауданының прокуроры Дарын Елтайұлы азаматтардың әлеуметтік жағдайын, еңбекпен қамтылған-қамтылмағанын, тұрғылықты жерінің бар жоғын, өмір жағдайын зерделеп, қайта қылмыс жасамау керектегін, жасаған қылмыстың өтеуі-жаза екенін түсіндіріп, қабылдауды аяқтады.

«Қазіргі таңда сотталушы болсамда өзімнің алға қойған мақсатымның бар екендігін және де сол мақсаттың орындалатынына көзім жетті. Бүгінгі қабылдауға қатысып, әлеуметтік-құқықтық кеңес бойынша көмек алдым. Сондай-ақ, мемлекет тарапынан қосымша қандай көмек берілетінін және ол көмекті алу жолын сұрап білдім. Осындай кездесулерді жиі ұйымдастыратын пробация қызметкерлеріне алғысым шексіз»-, дейді есепте тұрған сотталған азамат.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Түркістанда «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы Ясауитану ғылыми орталығының...

Право быть разными и оставаться равными – казахстанская модель общественного согласия представлена в Варшаве

Равенство прав, уважение к культурному многообразию и доступность социальной...

Сот орындаушыларының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасаудың жаңа сотқа дейінгі тәртібі

Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 24 маусымдағы № 325-VIII «Атқарушылық...

Мемлекеттік аукциондарда сатып алынған көлік құралдарын тіркеу және сотқа дейінгі шағымдану тәртібін сақтау туралы

Тәжірибеде мемлекеттік аукциондарда тәркіленген көлік құралдарын сатып алған азаматтардың...