ҚАЖ қызметкерлері мемлекеттік тілді оқыту курсын бастады

Мемлекеттік тіл мәселесі — өте маңызды, мемлекеттік мәні бар мәселе. Осы орайда мемлекеттік тілді дамыту, оның қолдану аясын одан әрі кеңейту және мәртебесін көтеру мәселесі бойынша Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменінде және департаментке қарасты мекемелерінде іс-шаралар ұдайы жүргізіледі.

Бүгін Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының Тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен №37 мекемеде қызметкерлерге мемлекеттік тілді оқыту курсы басталды. Курстың бірінші күнінде орталықтың оқытушысы Тажкожаева Нұрбану Нұржауқызы қызметкерлерден қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтайтын «Қазтест» жүйесі бойынша тест алды. Одан соң сергіту сәті өтіп, қызметкерлерге күнделікті сабақ барысында қазақ тілінің функционалдық қызметінен бастап, оның салалары, жаңа терминдер, іс-қағаздар жүргізу стилі, сөйлеу мәдениеті, ересектерге арналған тренинг, диктант, эссе, жазылым тапсырмаларымен және ресми құжаттарды дайындау туралы жүргізілетінін жеткізді.

Сондай-ақ курсты толық аяқтаған қызметкерлерге сертификаттар табысталатындығын атап өтті.

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына 20 үміткер анықталды

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын беру жөніндегі конкурстық комиссияның қорытынды...

ҚазҰУ-да «Жасанды интеллект дәуірі: Баспа ісі, медиа және дизайн» атты халықаралық күзгі мектеп басталды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Ұлттық баспа күніне орай...

Жетісу облысындағы инсульт орталықтарында Cerebra жасанды интеллект жүйесі енгізілді

Жетісу облысындағы барлық инсульт орталықтарында ишемиялық және геморрагиялық инсультті...

Как горный туризм может расширить экономику Алматы

Развитие Алматинского горного кластера и проекта Almaty SuperSki может...