ҚАЖ қызметкерлері арасында шаңғы жарысы ұйымдастырылды

Ағымдағы жылдың қаңтар айында Астана қаласы орталық паркінің шаңғы-роллер трассасында ҚАЖ департаментінің қызметкерлері арасында шаңғы жарысы өтті.

Шаңғы жарысы жеке құрамның дене шынықтыру және спорттық дайындық деңгейін арттыру мақсатында өткізілді.

Қарлы қыста шаңғы тебу-негізгі және ең көп таралған спорт түрлерінің бірі. Жаттығулар мен жарыстарда физикалық қасиеттер дамиды — төзімділік, күш, ептілік, жылдамдық, қимылдарды үйлестіру, батылдық, табандылық және басқа да психологиялық қасиеттер тәрбиеленеді.

Шаңғы спортының маңыздылығы  денсаулыққа әсер  етумен, физикалық, моральдық және еріктік қасиеттерді кеңінен дамытумен, өмірлік маңызды моторика мен дағдыларды қалыптастырумен анықталады.

Жарыс қорытындысы бойынша турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлері келесідей бөлінді:

1 орын-әділет подполковнигі А.К.Омарбекова.

2 орын — әділет аға лейтенанты С. Н. Баймуратов;

3 орын — әділет подполковнигі Е. С. Абдрахманов.

Іс-шара соңында Астана қаласы бойынша ҚАЖ Департаменті бастығының орынбасары әділет полковнигі Н. Б. Рамазанов жүлдегерлерге грамоталар тапсырып, барлық қатысушыларды турнирдің аяқталуымен құттықтап, қатысқандары үшін алғыс айтты.

Служба пробации Жетысуского района Алматы усилила профилактическую работу в рамках ОПМ «Безопасный дом»

В рамках оперативно-профилактического мероприятия «Безопасный дом» сотрудники службы пробации...

Атқарушылық іс жүргізу саласындағы заңдылықты сақтау

Қазақстан Республикасында атқарушылық іс жүргізу саласындағы заңдылықты сақтау, азаматтардың...

Сыбайлас жемқорлық – қоғам дамуына кедергі келтіретін қауіпті құбылыс

Қоғамның өркендеуі мен мемлекеттің тұрақты дамуы заң үстемдігіне, әділдікке...

Ұлттық жоба аясында жеті қалада кәріз-тазарту құрылысы салынуда: министрлік басты мәселелерді атады

Елімізде кәріз-тазарту құрылыстарының жай-күйі мәз емес. Кейбірінің тіпті әбден...