1916 жылдың Ұлт азаттық көтерілісінің бас сардары Амангелді Имановтың туғанына биыл 150 жыл толды. Халық батырының құрметіне орай, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық мұражайында әдеби сазды кеші өтті.
Бұл іс-шараға, Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі Департаментіне қарасты мекемелер және пробация қызметкерлері белсене қатысты.
Іс-шара барысында қызметкерлер фото сүреттерден ұйымдастырылған көрме тамашалап, тағылымы мол тарихтан шертілген сырлардың күәгерлері болды. Сонымен қатар, жиынға батырдың ұрпақтарымен қоғам қайраткерлері қатысып, өз құттықтауларын жеткізді.
» Тарихымыздың құнды деректері қамтылған әдеби сазды кештер ҚАЖ қызметкерлерінің әдеби патриоттық сезімін оятып, өткенің ұмытпауларына үлес қосатыны айқын»,- деп атап өтті ҚАЖД бастығының орынбасары Жаныбек Қосжанов.