ҚАЖ қызметкерлеріне жедел кеңес өткізілді

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №60 мекемесінде департамент бастығының орынбасары әділет подполковнигі Әбдіқайыров Жүніс Өтегенұлының төрағалығымен ішкі істер органы қызметкерлерінің тәртіп пен заңдылықтың және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу, оның алдын-алу, жемқорлық әрекеттерге жол бермеу туралы жедел кеңес өткізді. Жиынға №60 мекеменің жеке құрам қызметкерлері қатысты. Жедел кеңестің негізгі мақсаты — жеке құрам арасында азаптаудың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыру.

Жедел кеңес барысында Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті кадр саясаты тобының бас маманы, әділет майоры Беркінбеков Әлішер ҚР ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаментінен келіп түскен ішкі істер органдарындағы тәртіптің, заңдылықтың және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» талаптарына сәйкес кешенді жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижесімен таныстырды.

Содан соң, ҚАЖ департаментінің Өзіндік қауіпсіздік тобының аға жедел уәкілі, әділет капитаны Жамбылов Рақымжан ішкі істер органдарындағы тәртіптің, заңдылықтың және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың 2023 жылдың І тоқсанындағы жай-күйі туралы шолу жасады.
Жедел кеңес шешімімен мекеменің кадр саясаты бөліміне бірқатар тапсырмалар беріліп, жеке құрам қызметкерлеріне ҚР Әдеп кодексі қағидаларын қатаң сақтау тапсырылды.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Диагностиканың жаңа деңгейі: Қонаевта бактериологиялық зертхана ашылды

Қонаев қаласының көпсалалы ауруханасында заманауи бактериологиялық зертхана өз жұмысын...

Новый уровень диагностики: в Конаеве открылась бактериологическая лаборатория

В Многопрофильной больнице города Қонаев начала работу современная бактериологическая...

Су қорының жері жекеменшікке берілмейді

         Алматы облысы жер ресурстарын басқару департаментінің жауапкер «AL-agro...

ПРЕЖДЕ ЧЕМ СКАЗАТЬ «ДА», НУЖЕН ЛИ БУДУЩИМ СУПРУГАМ «СЕМЕЙНЫЙ ПРАВОВОЙ МИНИМУМ»?

Семья начинается с чувств. Ответственность за семью должна начинаться...

Безопасность на дорогах — обязанность ответственных организаций

Специализированным межрайонным административным судом Туркестанской области рассмотрено дело, касающееся...