ҚАЖ қызметкерлеріне біліктілік куәлігі табысталды

Өрт және техникалық минимум бағдарламасы — өрт қауіпсіздігі бойынша қажетті минималды білімді қамтиды. Өрт қауіпсіздігі бойынша оқытудың басты мақсаты — қызметкерлерге өрттің алдын алу және өртті сөндіру техникасы туралы заманауи және практикалық ақпарат беру.
Осы орайда Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті №60 мекемесінің барлық жеке құрам қызметкерлеріне «Өрт – техникалық минимум көлемінде өрт қауіпсіздігі саласында білім тексеру бойынша біліктілік куәлігі» табысталды.
«Төтенше жағдайлар кезіндегі мінез-құлық нормаларын білу кез-келген мекеме қызметкерлерінің әл-ауқатының кепілі болып табылады. Көбіне материалдық шығындарға, тіпті адамдардың өліміне әкелетін ауыр апаттардың себебі қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелерін білмеу болып табылады. Сондықтан, өрт қауіпсіздігі бойынша түсіндірме жұмысатарын жүргізу өздерін төтенше жағдайлардан сақтандырғысы келетін және денсаулығына қамқорлық жасағысы келетін барлық қызметкерге қажет» — деді ҚАЖД №60 мекемесі режим бөлімінің жедел уәкілі әділет аға лейтенанты Балтабаев Мұхтар.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру сатысында мүлікке тыйым салу

Қазақстан Республикасы Конституциясында «Қазақстан Республикасының азаматтарының заңды түрде алған...

Тіл болашағы — ұлт болашағы

Тіл – халықтың мәдениеті мен тарихын ұрпақтан ұрпаққа жеткізетін...

«Совминка» дәрігерлері сүйек сынуының алдын алу жолдарын түсіндірді

Сүйектің беріктігі адамның қимыл-қозғалыс белсенділігін сақтап, салауатты әрі белсенді...

Врачи Совминки рассказали, как защитить кости от переломов

Прочность костей во многом определяет способность человека сохранять подвижность...