ҚАЖ департаментінің қызметкерлері «Рәміздер» алаңына жиналды

Қызылорда да «Рәміздер» алаңында 25 қазан – Республика күніне арналған Мемлекеттік туды көтеру рәсімі өтті. Шара барысында алдымен Әнұран шырқалып, Көк байрақ желбіреді. Салтанатты жиынға Қызылорда  облысының әкімі Нұрлыбек Мәшбекұлы, ел ағалары, ІІО-ның біршама қызметкерлері мен жастар, қала тұрғындары қатысты.

Қызылордадағы  ту тұғырдың биіктігі 62,5 метрді құрайды. Байрақтың ені 12 метр болса, ұзындығы  – 24 метр.

Мерекелік іс-шарада концерттік бағдарлама ұсынылып, отаншылдықты дәріптейтін әндер шырқалды. Іс-шара «Көк тудың желбірегені»  әнімен түйінделіп, ҚАЖ департаментіне қарасты №60, №68, №37 мекемелерінің жеке құрам қызметкері мен ІІО-ның басқа да қызметкерлері бір-бірін мерекемен құттықтады.Былтырдан бастап Республика күніне ұлттық мереке мәртебесі қайтарылды. Бұл – тәуелсіз еліміз үшін маңызды шешімдердің бірі. Республика күні – қазақ халқының мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символы.

Республика күні – халықтың рухын көтеруге, мемлекеттілікті нығайтуға, бірлігіміз бен ынтымақтастығымызды нығайтуға арналған жарқын мереке.

Мөлдір Жолдасбекқызы

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

ТҮРКІСТАН ПОЛИЦИЯСЫНДА ЗАҢДЫЛЫҚ ПЕН АДАЛДЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Түркістан облысы Полиция департаментінде қызметтік тәртіпті нығайту, заңдылықты сақтау...

Жер – өңірдің басты байлығының бірі: оны ұтымды әрі тиімді пайдалану – ортақ міндет

Жер – мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік және стратегиялық дамуының негізгі...

Қазақ – бақытты әрі жасампаз ұлт

«Біз ешкімнен кем емеспіз. Көршілерімізбен де, басқа мемлекеттермен де...

Тіл – халықтың қазынасы

Тіл – халықтың қазынасы» деген сөз бекер айтылмаған. Ана...