ҚАЖ департаментінің мекемесінде жедел кеңес өтті

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №60 мекемесінде Қылмыстық-атқару жүйесінің ардагерлерінің қатысуымен жедел кеңес өтті. Кеңеске «Қылмыстық-атқару жүйесі ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің мүшелері Т.Қамзаев пен Д.Берікбай және жеке құрам қызметкерлері қатысты.
Күн тәртібінде «Қылмыстық-атқару жүйесі ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің 2023 жылы атқарған жұмыстарына қорытынды жасалып, ҚР ІІМ бұйрығымен бекітілген «Сотталған адамның әлеуметтік пайдалы байланыстарын қолдау үшін ауыстыру қағидаларының» орындалу мәселесі қаралды.
Жедел кеңес барысында облыс бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі ардагерлер ұйымының қоғамдық жұмысына белсенділік танытқаны үшін мекеменің Бұқаралық ақпарат құралдары және байланыс жөніндегі іс-жүргізушісі А.Жомартқызы ұйым төрағасы Т.Ахметовтың алғыс хатымен марапатталды.
Жиын соңында қаралған күн тәртібі бойынша баяндама жасалып, атқарылған жұмыстың сапасын жақсарту мақсатында мекеме бастығы тарапынан бірқатар тапсырма берілді.

Әйелдер колониясында Жеңіс күніне арналған мерекелік іс-шара өтті

Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні қарсаңында Абай облысы бойынша...

В женской колонии области Абай прошло праздничное мероприятие ко Дню Победы

В преддверии Дня Победы в Великой Отечественной войне в...

Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер колониясының қызметкерлері Ұлы Отан соғысы батырларына арналған ескерткіштің салтанатты ашылуына қатысты

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің әйелдер колониясының қызметкерлері...