ҚАЖД-НЫҢ АЛМАТЫДАҒЫ МЕКЕМЕЛЕРІНДЕ ТЕОЛОГ МАМАНДАР СЕМИНАР ӨТКІЗДІ

Жуырда Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ департаментінің мекемелеріндегі жеке құрам арасында «Сотталғандармен теологиялық оңалту жұмыстарын сапалы жүргізу» тақырыбында семинар-сабақ ұйымдастырылды.

ҚАЖ мекемелеріндегі жағдайды сауықтырудың 2023-2025 жылдарға арналған Жол картасының талаптарын жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылған семинар-сабақта Алматы қаласы бойынша Дін істері басқармасының білікті теолог мамандары сотталғандарды теологиялық жағынан оңалтудың тиімді жолдары жайлы кеңестер беріп, нақты мысалдар келтірді. Семинар сабаққа Алматы қаласында орналасқан №72 (Тергеу изоляторы), №13 және №11 мекеме қызметкерлері тартылды.

Жастардың діни сауаттылығын арттыру, діни теріс ағымның зияны мен одан сақтанудың жолдары және теріс діни ағымдардың айрықша белгілері, теріс ағымдарды насихаттағаны үшін сотталғандармен психологиялық оңалту жұмыстарының тиімділігі жайлы кеңінен талқыланған семинар сабақта теолог мамандар қызметкерлердің сұрақтарына жауап берді.

«Аударма әлемі» — өзекті зерттеу

Филология ғылымдарының докторы, профессор, журналист, аудармашы, Қазақстан журналистер одағы...

Заявление главного исполнительного директора Kazakh Tourism Development Е. Еркинбаева

В социальных сетях распространяется видеозапись с вырубленными деревьями, которая...

Заң – баршаға ортақ: құқықтық мәдениет – қоғам тұрақтылығының негізі

Құқықтық мемлекет құру тек заңдарды қабылдаумен шектелмейді. Оның басты...

Мемлекеттік қызметтегі әдеп – кәсіби мәдениеттің негізі

Мемлекеттік қызмет – мемлекеттің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ететін...