Қадағалау — бақылаушылар қызметіндегі басты міндет

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департісаментіне қарасты № 68 мемлекеттік мекемесіндегі ең маңызды іс бақылаушыларға жүктелген. Өйткені, бақылау күшейтілген мекемеде тәртіп берік орнайтыны белгілі.

Сондықтан осы мекеменің көп қызметін бақылаушы лауазымындағы қызметкерлер атқарады. Орындаушылық жұмысты атқаратын кіші басшы құрамда бүгінгі таңда 86 бақылаушы қызметкер бар.

Олар қадағалау және күзету бойынша бақылаушыларға бөлінеді. Қадағалау бойынша қызмет атқарып жүрген бақылаушылардың дерлігі күндізгі ауысымға түседі.

Бақылаушылар үшін жұмыс жарты сағат ерте басталады. Себебі сағат 8:00 ге дейін оларға қызметтік міндеттемелері түсіндіріліп, нұсқаулықтар беріледі.

Бұл бақылаушылар мекеме қамауындағы азаматтарды асхана, медицина бөліміне, жұмыс орындарына, адвокат, тергеушілерімен кездесуге, таксафонмен сөйлесуге, дүкеннен сауда жасауға, санитарлық бөлімге қаралуға апарып-алып келеді.

Сырт көзге бұл жұмыс қарапайым көрінгенмен, аса сақтық пен тәртіпке бағынып жұмыс жасауды талап етеді.

Қылмысқа тартылған заң бұзушылармен жақын қарым-қатынасқа түспей, барлық іс- әрекеттер мен түсіндірме жұмыстарын заң аясы шеңберінде атқару керек.

Сондай-ақ, айыпталушылар мен сотталғандар тарапынан ешқандай да заңбұзушылыққа жол бермеу мақсатында, күнделікті жұмыс барысында әр бақылаушы кеуде тұсында бейнетіркеу тағып жүреді.

Өйткені, бақылаушылар қамаудағыларды бақылап қана қоймай, оның іс-әрекетінің сөз мәнерін, көңіл күйін де қадағалап отырады.

Ал бейнетіркеулердегі жазбалардың ұзақ жылдарға темір торға тоғытылғандар арасында қандай да бір қылмыстың алдын алуға себепкер болады.

Біздің тергеу изоляторына бақылаушылық қызметте тағлымдамашыдан бастап, қатардағы, сержант шеніне дейінгі қызметкерлер жұмыс жасайды.

Жақында ғана бақылаушылар қатары 5 тағлымдамашымен толықтырылды.

Тергеу изоляторы қауіпсіздігі аралас мекеме болғандықтан, бақылаушылардың жұмыс барысы қиындыққа, қауіп — қатерге толы.

Сондықтан бақылаушыларға арнайы сабақ жүргізіліп, ішкі тәртіп, бақылау, қадағалау әрекеттерін оқып үйретеміз — дейді, алғашқы еңбек жолын бақылаушыдан бастаған 20 жылдық еңбек өтілі бар, бүгінде РжКБ- нің аға корпусшысы, прапорщик М.Арысбеков.

ҚазҰУ-дағы студенттік өмір және жастар бастамалары

     Ғылыми конференцияда алғашқы зерттеуін таныстыру, қайырымдылық шарасын ұйымдастыру немесе...

    ҚазҰУ түлектері – ел дамуына елеулі үлес қосуда

      Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарихы оның түлектерінің еңбек...

Әділетті қоғам және заң үстемдігі

     Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Заң факультетінде студенттер Біріккен...

В учреждении УИС области Абай отметили праздник Хэллоуин

В женском учреждении УИС области Абай было организовано тематическое...

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде Хэллоуин мерекесі аталып өтті

Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер мекемесінде сотталған әйелдердің қатысуымен...