ҒЫЛЫМДАҒЫ ӘЙЕЛДЕРДІҢ ҮЛЕСІ ҚОМАҚТЫ

Қазіргі уақытта Қазақстанда ғылыммен айналысып жүрген зерттеуші әйелдер саны 12 мыңға жуық. Бұл жалпы ғалымдар санының 55,6%-ын құрайды. Соның ішінде, ғылыми дәреже қорғаған аруларымыздың қатары да жыл са йын өсіп келеді. Мәселен, биыл әйел арасында ғылым докторлары 848-ге, ғылым кандидаттары 2 872-ге, ал PhD докторлар 1 806-ға жетіп отыр. 

Осыған орай, ғылымдағы әйелдердің орны мен маңызын айқындап көрсету, отандық ғылымның одан әрі дамуын ынталандыру мақсатында, Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясы алғаш рет отандық әйел-ғалымдарға арнап Н.Базанова атындағы сыйлықты тағайындап, оған лайықтыларды салтанатты түрде марапаттады.

Марапатталғандар қатарында Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетіндегі Жаратылыстану және география факультетінің деканы, география ғылымдарының докторы, профессор Күләш Каймулдинова да бар.

Айта кетейік, академик Найля Оразғұлқызы Базанова (1911–1993) – Қазақстан мен Орталық Азиядағы алғашқы әйел-академик, биология ғылымының жаңа саласының – ауыл шаруашылығы жануарлары физиологиясының негізін қалаушы. Ол қазақ әйелдері арасынан шыққан тұңғыш биология ғылымының докторы (1945), профессор (1946), Қазақ КСР ғылым академиясының академигі (1951), Қазақстанның еңбек сіңірген ғылыми қайраткері (1946).

Ақбота ЕРБОЛҚЫЗЫ, «Заң газеті»

Будущим юристам показали работу уголовно-исполнительной системы изнутри в области Абай

В области Абай сотрудники учреждения максимальной безопасности Департамента уголовно-исполнительной...

Сот жүйесінде электронды цифрға өтудің маңыздылығы

Қазіргі кезеңде ақпараттық технологиялардың дамуы сот жүйесіне де елеулі...

«Digital Qazaqstan» стратегиясын іске асыру Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жүргізіліп жатыр

«Digital Qazaqstan» стратегиясын іске асыру Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес...