Ғарышкер Талғат Мұсабаевты ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті

Алматыда ғарышкер Талғат Мұсабаевты ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтіп жатыр, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қоштасу рәсімі 09.00-де Алматыдағы офицерлер үйінде басталды.

Мұнда Талғат Мұсабаевтың туыстары, жақындары, әріптестері мен достары, сондай-ақ, мемлекет және қоғам қайраткерлері жиналған.

Осыдан кейін 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта митинг өтеді. Талғат Мұсабаев Кеңсай зиратына жерленеді.

Еске салайық, 2025 жылы 4 тамызда ғарышкер Талғат Мұсабаев өмірден өтті.

Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев 1951 жылы 7 қаңтарда Алматы облысы Жамбыл ауданында дүниеге келген. Ол — кеңестік және қазақстандық ғарышкер, саяси қайраткер, Халық қаһарманы, техника ғылымдарының докторы (2008), авиация генерал-лейтенанты (2007). Талғат Мұсабаев Қазақстан Ұлттық ғарыш агенттiгінің төрағасы (2007-2016) және ҚР Парламенті Сенат депутаты (2017-2023) болды.

Фото: Tengrinews.kz

Таяу Шығыстан 8585 қазақстандық елге қайтарылды  

Таяу Шығыс елдеріндегі жағдайға байланысты жүргізілген эвакуация басталғалы бері 8585 қазақстандық елге қайтарылды.

Қазақстанда биыл қанша баспана салынатыны белгілі болды 

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Үкімет отырысында елдегі тұрғын үй құрылысының көрсеткіштері туралы баяндама жасады.

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Сарапшы Қазақстанға төнетін қауіп жайлы айтты 

Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуі және Әзербайжанның Нахичевань қаласындағы әуежай аумағына ұшқышсыз ұшу аппаратының құлауы өңір елдеріне төнуі мүмкін қауіптерді қайтадан күн тәртібіне шығарды.

Қазақстанда күн күрт суытып, аяз -30 градусқа дейін жетеді

Қазақстанның бірнеше өңірінде 10–11 наурыз күндері ауа температурасы күрт төмендейді. Синоптиктердің болжамынша, түнде кей жерлерде минус 30 градусқа дейін суытуы мүмкін.

Қазақстанда әйелдер көп пе, ерлер ме? Ресми статистика жарияланды 

Қазақстан халқының саны 20,5 миллионнан асты. Ұлттық статистика бюросының соңғы деректері еліміздегі әйелдер мен ерлердің санына қатысты нақты мәліметтерді ұсынды.