Ғарышқа алғаш жол тартқан иттер туралы не белгілі?

65 жыл бұрын, 1960 жылғы 19 тамызда, Белка мен Стрелка атты иттер алғаш рет орбитаға көтеріліп, аман-есен Жерге қайтып оралды. Бұл оқиға бүкіл адамзаттың ғарышқа қадам басуына жол ашты, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі rbc.ru-ға сілтеме жасап. 

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін ірі державалар ғарышты игеруге кірісті. Адамды бірден жіберу қауіпті болғандықтан, алдымен жануарларға сынақ жасалды.

АҚШ-та маймылдар ұшты, бірақ алғашқы төрт сынақтың бәрі сәтсіз аяқталды. Ал кеңес ғалымдары иттерді таңдады. Себебі олар сабырлы, үйретуге жеңіл, аштық пен қиындыққа төзімді, ұзақ уақыт қозғалыссыз отыра алады.Ғалымдар үшін ең қолайлысы көшедегі иттер болды. Олар көшеде өмір сүріп шыңдалғандықтан, ауруға төзімді, денсаулығы мықты, ақылды әрі адамға бейім.

Қандай иттер іріктелді?

Ғарышқа жіберілетін иттерге қатаң талап қойылды:

  • салмағы 6–7 келіден аспауы керек;
  • жасы 1,5 жылдан 5 жасқа дейін болуы қажет;
  • түсі көбіне ақ болғаны дұрыс (камерадан жақсы көріну үшін).

Олар Мәскеудегі арнайы зертханада дайындықтан өтті: тар кабинада ұзақ отыруға, ыстыққа шыдауға, арнайы скафандр киюге үйретілді.

Алғашқы қадамдар

1951 жылы алғашқы суборбиталық сынақ өтті. Дезик пен Цыган атты иттер 100 шақырым биікке көтеріліп, аман-есен парашютпен түсті. Бірақ басқа көп ит тәжірибе кезінде көз жұмды.

1957 жылы Лайка ғарышқа жіберілді. Ол алғашқы болып орбитаға шыққанымен, қайтып оралмады. Бұл тәжірибе тірі ағзаның ғарышқа ұша алатынын дәлелдеді.

1960 жылы Лисичка мен Чайка есімді иттер апатқа ұшырады: зымыран 19 секундтан кейін жарылып кетті. Осыдан кейін инженерлер апаттан құтқару жүйесін жетілдірді.

Белка мен Стрелканың тарихи ұшуы

1960 жылғы 19 тамызда Байқоңырдан «Спутник-5» зымыраны ұшырылды. Белка мен Стрелка бір тәулік ішінде Жерді 17 рет айналып шықты.

Олар герметикалық капсулада болды: ішінде оттегі, тамақ, су, температура мен тазалық жүйелері бар еді. Алғашында жүрек соғысы жиілеп, тынысы ауырлағанымен, кейін бәрі қалыпқа келді.

20 тамызда капсула сәтті қонды. Белка мен Стрелка – орбитадан аман оралған алғашқы тірі иттер болды.

Кейінгі тағдыры

Стрелка көп ұзамай алты күшік туды. Солардың бірін, Пушинка атты күшікті, Никита Хрущев АҚШ президенті Джон Кеннедидің жары Жаклинге сыйға тартты.

Белка мен Стрелканың сәтті миссиясынан кейін ғарышкерлерге жол ашылды. Бар болғаны 8 айдан соң, 1961 жылғы 12 сәуірде Юрий Гагарин «Восток-1» кемесімен ғарышқа ұшты. 

Фото: museumgagarin.ru

Таяу Шығыстан 8585 қазақстандық елге қайтарылды  

Таяу Шығыс елдеріндегі жағдайға байланысты жүргізілген эвакуация басталғалы бері 8585 қазақстандық елге қайтарылды.

Қазақстанда биыл қанша баспана салынатыны белгілі болды 

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Үкімет отырысында елдегі тұрғын үй құрылысының көрсеткіштері туралы баяндама жасады.

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Сарапшы Қазақстанға төнетін қауіп жайлы айтты 

Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуі және Әзербайжанның Нахичевань қаласындағы әуежай аумағына ұшқышсыз ұшу аппаратының құлауы өңір елдеріне төнуі мүмкін қауіптерді қайтадан күн тәртібіне шығарды.

Қазақстанда күн күрт суытып, аяз -30 градусқа дейін жетеді

Қазақстанның бірнеше өңірінде 10–11 наурыз күндері ауа температурасы күрт төмендейді. Синоптиктердің болжамынша, түнде кей жерлерде минус 30 градусқа дейін суытуы мүмкін.

Қазақстанда әйелдер көп пе, ерлер ме? Ресми статистика жарияланды 

Қазақстан халқының саны 20,5 миллионнан асты. Ұлттық статистика бюросының соңғы деректері еліміздегі әйелдер мен ерлердің санына қатысты нақты мәліметтерді ұсынды.