12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Ғабит Сыздықбеков: «Былтыр 270 км жол салынса, биыл 1000 км жол жөнделіп, оның 97%-ы аяқталды»

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында есеп берген Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков өңірдің жол мәселесін де атап өтті.

Жолдар – рекордтық көлемге жетті. Былтыр 270 км жол салынса, биыл 1000 км жол жөнделіп, оның 97%-ы аяқталды. Бұл – Шымкент тарихындағы ең ірі инфрақұрылымдық серпіліс. Қала қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін түнгі жарықтандыру мәселесі де өзекті болып тұр. 2023 жылға дейін жыл сайын 9714 көшенің 115 көшесі жарықтандырылды. Соңғы екі жылда осы бағыттағы жұмыстар 40 есе ұлғайтылып, 4686 көше жарықтандырылды. Жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 100%-ға дейін жеткізілмек.

Шымкентте биыл 45 жаңа сквер жасалып, олардың жалпы саны 90-ға жетті. Қошқар-ата өзені абаттандырылып, қалада алғашқы лазерлік-отты шоу фонтандары іске қосылды. Бұрынғы 45 гектарлық қоқыс полигонының орнында Экосаябақ салынып жатыр. Онда амфитеатр, жасанды көл, спорт аймақтары бар.

«Бадам» су қоймасының жағалауында Omir Shymkent экотуризм жобасы жүруде.

Жол қиылыстарындағы интеллектуалды бағдаршамдар (331 нүкте), заңсыз құрылыс пен қоқыс орындарын анықтайтын дрондар жүйесі, 4 425 камера, QR-код арқылы ұсыныс жіберу платформасы – Шымкентті «ақылды қала» форматына жақындатқан нақты қадамдар. Әкімнің айтуынша, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидаты бойынша қала тұрғындарының әр ұсынысы есепке алынады.

Шымкент халқы тұрмысының сапасын арттыру мақсатында инженерлік және жол инфрақұрылымын дамыту, баспанамен қамту, экологиялық таза орта құру бағытында жұмыс та белсенді атқарылуда. Мәселен биыл «Қызылжар -2», «Ақжайық», «Тұран» шағын аудандарында 11 мыңға жуық халық таза ауыз сумен қамтылды. Демеушілер есебінен ұңғыма арқылы су ішіп отырған Текесу және Айкөл елді мекендеріне 32 шақырым су құбыры тартылып, орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылды. Өңірдегі электр энергиясы тапшылығын азайту мақсатында «Қазығұрт» қосалқы станциясының қуаттылығы ұлғайтылып, 40 мыңға жуық тұрғын мен өндіріс орындарын үздіксіз электр энергиясымен қамтуға мүмкіндік туды.

Десе де өңірге инвестиция тарту үшін инженерлік желілердің қуаттылығын әлі де арттыру қажет. Ол үшін «Қызылсу» қосалқы станциясын салу жоспарда бар. 6 қосалқы станция және 3 газ тарату станциясын салу қолға алынды. Жылумен қамтуда пилоттық жоба ретінде акустикалық резонанс әдісіндегі жасанды интеллект арқылы роботтық кешенді қолдана отырып, жылу құбырларына диагностика жүргізілді. Ол құбырларды дәлдікпен сканерлеу арқылы қауіпті учаскелерді анықтап, жөндеу шығындарын 75%-ға дейін үнемдеуге мүмкіндік береді.  Сондай-ақ жергілікті әуежайдың жаңа ұшу-қону жолағын салу жұмыстары басталды. Бұл жолақ қаланың логистикалық әлеуетін арттырып, өңірлік хаб ретінде дамуына серпін береді.

Конституция қоғамның ортақ құндылықтары мен жауапкершілігін айқындайды – Аида Балаева

Бүгінде Мемлекет басшысының ел дамуының стратегиялық бағдарына негізделген саяси...

Әділ еңбек, қауіпсіз жұмыс, лайықты жалақы: Максим Рожин жаңа Конституцияның маңызды тұсын атады

Жаңа Конституцияның нормалары өндіріс орындарындағы адамдар үшін нақты, өмірлік...

Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның тоғызыншы отырысында Мәжіліс депутаты, «Ұлттық...

Қазақстан азаматтары қос немесе көп азаматтық ала алмайды: жаңа Конституцияның жобасына нақтылау енгізілді

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын...