12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Ғылым ордасы торқалы той қарсаңында

Адамзат өркениетінің ғылыми прогресске бет бұруы университеттердің пайда болуымен тығыз байланысты. Әлемде тарихы бір мемлекеттің ғұмырына пара-пар ғылым ордалары жетерлік.  Мәселен, Оксфорд университетінің 927 жылдық, Кембридж университетінің 814 жылдық, Массачусетс университетінің 162 жылдық тарихты қамтиды.  2024 жылы ғылым ордасының бой көтергеніне 90 жыл толмақ.  Тарихы Оксфордтей бағзы заманнан басталмаса да, торқалы той қарсаңындағы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың жеткен биігі, бағындырған белестері, қоғамның дамуына қосқан үлесі аз емес.

Өткен ғасырда заңғар жазушымыз Мұхтар Әуезов: «Осы күнгі біздің көп мақтанышымыздың ең ірісі – ғылым», – деген еді. Абайдан бастап, Алаш ардақтыларына дейін қазақтың ғылымға бет бұруын аңсады. Ғылымның іргетасы университтетте қаланатыны түсінікті. ХХ ғасырдың бірінші жартысында қазақ даласында алғашқы ЖОО-лардың салынуы халқымыздың жаһандануға басқан алғашқы қадамы еді.Ұлттың зияткерлік, рухани әлеуеті зиялыларымен өлшенеді. ҚазҰУ ең алдымен, даңқты түлектерімен мақтанады. Университет негізі қаланғаннан бері, ұлт алдындағы тарихи миссиясын адал атқарып келеді. Қазақ зиялы қауымының қалыптасуының үшінші кезеңінде қара шаңырақта дарынды жастардың жаңа толқыны пайда болды. С.З.Зиманов, С.С.Сартаев, Д.Л.Байдельдинов, М.А. Сәрсенсабев, Ә.Е. Бектұрғанов және т.б. заң факультетінің дарынды түлектерінің қанатын қатайтып, томағасын сыпырған университеттің білікті ұстаздары, тиімді оқыту жүйесі еді. Жоғарыдағы тұлғалар құқықтану, заң ғылымына, мемлекеттік басқару жүйесінің ахуалының жанданып, түлеуіне өлшеусіз қосты. Олардың еңбектері кеңес үкіметі жылдары мәдени отарлауға, шовинистік бюрократияның шеңгелінен Қазақ ССР-інің құқықтық мүддесін қорғаса,  еліміз егемендік алғаннан соң деколонизация үдерісінің жеделдеуіне заңи тұрғыда ықпал етті.

Қара шаңырақтан әр кезеңде түлеп ұшқан дарын иелерін көптеп мысалға келтіруге болады. Мұның сыры ғылым ордасының жеке адамды әлеуметтендіруші орта қалыптастыра білуінде. Университеттегі кешенді іс-шаралар студенттің өз жолын табуға, мақсатын айқындауға, мүдделес-пікірлес жандарды табуға септігін тигізеді. Ғылыми конференциялар, концерттік іс-шаралар, түрлі студенттік ұйымдардың арқасында ҚазҰУ ғылым мен өнердің шаңырағына айналды. Ғасырға жуық уақыт ішінде, тұлғалық дамудың алғашқы баспалдақтарын қалап, жастардың өз потенциалын ашуға  алғышарт даярлады. Содан да болар, мектеп бітіруші түлектердің ҚазҰУ-ға ынтық болатыны. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «өзін-өзі тану мектебі», «зиялылар шеберханасы» дер едім. Себебі, қалашық сәулет өнерінің бірегей туындысы ғана емес, тұлға қалыптастырушы өмір мектебі екенін тарих толқынында сан мәрте дәлелдеді.

Университеттің өткені мен бүгініне зер салсақ, торқалы той қарсаңындағы ғылым ордасы кешенді дамып, білікті ғалымдары мен оқытушыларының, дарынды шәкірттерінің арқасында әлемдік абырой биігіне көтеріліп келеді. ҚазҰУ-да атқарылып жатқан іс-шаралар, мерей той алдындағы науқаншылдық, даңғазалық емес, ұзақ мерзімді стратегиялық даму жоспары екендігі көңілге қуаныш сыйлайды. Алдағы он жылдықта ғылым ордасының қайта өрлеу дәуіріне аяқ басарына үміт етейік.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

1 курс студенті

Қуандық Абылай Жанатұлы

Ғылыми жетекші: заң ғылымдарының кандидаты

Турсынкулова Динара Ахановна

ҚазҰУ студенттері су мәселесі талқылады

  Қазақстан Республикасының тұрақты даму саласындағы халықаралық міндеттемелеріне сәйкес,...

ҚазҰУ студенттерінің белсенді өмірі

  Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті тек жоғары білім...

ҚазҰУ-сапалы білім берудің үлгісі

    Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (ҚазҰУ) – Қазақстандағы...

ҚазҰУ-еліміздің болашақ көшбасшыларын тәрбиелейтін оқу ордасы

      Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (ҚазҰУ) – Қазақстанның...

ҚазҰУ студенттері кедейлік мәселесін талқылады

Кедейлік-жалпыұлттық өзекті мәселе        Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Заң...