Яндекс курьер колонияға психотроптық заттар жеткізген

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД №12 мекемеге әйел адам психотроптық заттарды дәрі-дәрмек ішіне жасырып, яндекс такси арқылы жіберіп өткізбекші болды.

№12 мекеме қызметкерлері сәлемдемені тексеру кезінде тыйым салынған заттарды өткізу фактісінің алдын алды. «Тайлол хот» дәрі-дәрмек ішінен пакетке оралған, бес ерекше иісі бар ұнтақ салынған түйіншек тәркіленді. Алдын-ала болжам бойынша тәркіленген ұнтақ психотроптық затқа ұқсас.

Күдіктінің айтуынша, яндекс қосымшасы арқылы әйел адамнан жеткізуге ұсыныс алған, дәрі-дәрмек ішінде психотроптық заттардың барын білмеген. Алайда, бұл жағдай оны жауапкершіліктен босатпайды.

«Анықталған факт бойынша полиция департаментінің жедел-тергеу тобы шақырылып, тәркіленген ұнтақтарға арнайы сараптама тағайындалды. Қазіргі уақытта беріп жіберген әйелдің де тұлғасы анықталды», — деп атап өтті мекеме бастығының орынбасары Серікбол Бахтияров.

Министерство обороны проведет конкурс по организации питания военнослужащих

Министерство обороны проведет конкурс по организации питания военнослужащих  Министерство обороны...

Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілерді тамақтандыруды ұйымдастыру жөнінде конкурс өткізеді

Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілерді тамақтандыруды ұйымдастыру жөнінде конкурс өткізеді Қорғаныс...

Денежное взыскание

Одним из новшеств АППК является мера процессуального принуждения в...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ 10 000 СТУДЕНТ ҚАТЫСҚАН «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АПТАЛЫҒЫ АЯҚТАЛДЫ

Абай университетінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен бекітілген «Таза...