12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

ЭЛЕКТРОНДЫҚ САУДА БАҒАНЫ ҚАЛЫПТЫ ҰСТАУҒА КӨМЕКТЕСЕДІ

Елімізде азық-түлік қымбаттап барады. Тіпті, басқаны айтпағанда нан, жұмыртқа, сүт секілді әлеуметтік тағамдар құны да қалтаға салмақ салатын болды. Олардың бағасын тұрақтандыру туралы әкімдіктердің қол қоятын меморандумының пайдасы тимей тұр. Азық-түлік бағасын қадағалау мүмкін болмай кетті.

Сауда сөрелерінде олар тек әкімдіктегілер аралаған кезде ғана арзан болады да, олар кеткен соң қайта қымбаттайды. Мұндай жолмен азық-түлік бағасын ұстау көзбояушылықтан өзге ештеңе емес. Яғни, декларативті шарадан нақты іске көшетін кез келді. Азық-түліктің бағасын тұрақтандыру оны өндіру мен саудаға шығаруға дейінгі процесті қамтитын жұмыстың кешенділігін, тиімділігін арттыруды қажет етеді. Парламент Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында осы мәселе депутаттар талқысына түскен еді. Жиында Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев баяндама жасады. Арман Абайұлының айтуынша, бүгінде министрліктің жұмысы үш негізгі бағыт – ішкі сауда, сауда-экономикалық интеграция және экспортты қолдау бойынша жүргізіліп жатыр екен. Сауда секторы әлеуметтік бағыт бойынша 1-орында, жалпы ішкі өнімге экономикалық үлесі бойынша 2-орында тұр. 11 айда оған тартылған инвестиция көлемі 410,6 млрд теңге болыпты. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 41,3 пайызға жоғары. Ішкі тауар айналымы 21,1 пайызға өсіп, 53,6 трлн теңгеге жеткен. Сауданың нақты көлем индексі – 111,3 пайызды құрады. Министр биыл бизнестің жол картасында құрылыс салуға, реконструкцияға немесе жабдықты сатып алуға кредит алатын коммерциялық нысандар үшін сыйақы мөлшерлемесін төмендету қарастырылғанын да атап өтті. Сондай-ақ 2024 жылдың бірінші жартыжылдығынан бастап 100 пайыз отандық өндірістің тұз, ұн, рожки, қарақұмық жармасы, күріш, нан, сүт, картоп, жұмыртқа секілді барлығы 9 өніміне шекті рұқсат етілген бағаларды белгілеуден бас тарту ұсынылады. Алайда тек мұндай шаралармен азық-түлік бағасының төмендемесі белгілі. Сөз басында айтқанымыздай, бұл іс жүйелі іс-қимылды қажет етеді. Олар нені қамтып, қандай бағытта жүру керек? Бұл жөнінде жиында қосымша баяндама жасаған Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы Нұртай Сабильянов жіліктеп берді. Нұртай Салихұлының айтуынша, бағаның өсуіне жол бермеу үшін уәкілетті мемлекеттік орган әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің сауда үстемесіне тұрақты бақылау жасау керек. Бұл үстеме заңда көрсетілгендей, 15 пайыздан аспауы тиіс. Маңызды мәселенің бірі – тауар өткізу ортасын құру. Бағаның тұрақтылығы мен өнімдердің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін: «ауыл шаруашылығы тауарларын өндіруші – өткізу нарығы – тұтынушы» көпірі жолға қойылуы қажет. Бұл істің өнімді дайындап, сақтау және тасымалдау үрдісін қамтуы керек. Тауар өткізу жүйесінде өнімді «алқаптан сөреге дейін» жеткізу үшін маңызды буын ретінде тұрақтандыру қорлары мен көтерме-тарату, сауда орталықтары болуға тиіс. Олар барлық ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер, тіпті шағын өндірушілер үшін оның ішінде жеке қосалқы шаруашылықтар үшін де қолжетімді болуы тиіс. Мұндағы мақсат тауарлардың қымбаттауына жол бермеу. Аталмыш шара өндірушіден тұтынушыға дейінгі тізбектегі бағаны бірыңғай бақылау, өнімді өткізу кезіндегі артық делдалдық қызметтер, атап айтқанда сақтау, тоңазытқыштарды пайдалануға сауда үстемелерін қоспай, рәсімдерді азайтуға мүмкіндік береді. Өкінішке қарай, елімізде қоймалармен қамтамасыз ету 46 пайызға тең.Сондықтан, сақтау инфрақұрылымын құру және отандық ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу үшін қолайлы жағдайлар жасау жүйелі шешімді талап етеді. Ішкі нарықты қорғау да басты мәселенің бірі. Өйткені, еліміздегі азықтүлік тауарлары айналымының 40 пайызы импорт болып тұр. Сондықтан ішкі нарықты қорғау және импорттың демпингі мен субсидиялануына қарсы нақты шаралар қажет. Бұл тұрғыда отандық өнім шығаруды ынталандыру және ішкі саудада кәсіпкерлікті дамыту өте маңызды. Өйткені, мұның бәрі ішкі нарық қажеттіліктерін импортқа жүгінбей қамтамасыз етуге жол ашады. Өкінішке орай, отандық тауар өндірушілер әлеуеті толық пайдаланылмай отыр. Бұл экспорт көлемінен де көрінеді. 2023 жылғы он айда шикізаттық емес экспорты 4,9 пайызға азайған. Сондықтан қайта өңдеуді дұрыс жолға қойып, дайын өнім шығаратын технологияларды енгізу қажет. Бұл неше жылдан бері айтылып келе жатса да, нәтиже жоқ. Жағдай дайын азық-түлік тауарларын шығаратын ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеушілерді мемлекеттік қолдау шараларын кеңейту қажеттігін көрсетіп отыр. Тауар өндірушілер өсімі 6-8 пайыздан аспайтын жеңілдетілген несие алуға мүмкіндігі болатын жүйе қалыптасуы қажет. Қазақстандық тауарларды сыртқы нарықтарға ілгерілету үшін кедергілерді жою да шешімін күткен мәселе. Экспорттық әлеуетті арттыру үшін экспортты ілгерілетуде әкімшілік кедергілерді азайтатын шаралар қажет. Сонымен қатар, өнімді нарықтарда өткізу кезінде тауар өндірушілер көлік инфрақұрылымының нашар дамуы, өнімді сертификаттауға айтарлықтай шығын жұмсалуы, Қазақстанда шығарылатын тауарлар тізімінің жоқтығы, жосықсыз бәсекелестік пен көлеңкелі экономиканың орын алуы, өткізу нарықтары туралы ақпараттың болмауы мен маркетингтің әлсіздігі, шикізат құнының жоғары болуы мен өндіріс технологияларының ескіруі салдарынан кедергілерге ұшырап жатыр. Өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде де олқылықтар бар. Салдарынан қазақстандық азық-түлік тауарлары нарығында жалған сапа сертификаттары жиі кездеседі. Жыл басынан бері халық денсаулығы үшін қауіпті үш мыңға жуық тауар анықталды. Сарапшылар мұндай тауарлардың басым бөлігінде жалған сапа сертификаттары бар екенін атап айтады. Соның салдарынан көп жағдайда өнімдер сынақтан өткізілмей дүкен сөрелеріне түседі. Бір сертификаттың өзі 100 мыңнан астам тауарды сатуға мүмкіндік береді, ал олардың ішінде сапасы күмән келтіретіндер де болуы мүмкін. Сондықтан да аккредиттеу жөніндегі органның, зертханалар мен сарапшы-аудиторлардың қызметіне қойылатын талаптар қатаңдатылуы тиіс. Сонымен қатар көлеңкелі экономикадан шығу мәселесін шешу үшін сауда саласында бизнесті тіркеу және жүргізу рәсімдерін жеңілдету қажет. Әлемдік трендтерді ескере отырып, электрондық сауданы дамыту қажеттігі айқын көрініп тұр. Өйткені, тұтыну моделі қарқынды түрде өзгеруде. Қазір электрондық сауда сайттары да өте көп қолданылады. Бүгінде 40 жасқа толмаған адамдардың 85 пайызы онлайн режимде, 40 пайызы ұялы телефон арқылы сауда жасайды. Қазақстандық кәсіпкерлер де Amazon, Вайлдберрис және басқа да интернет-сауда алаңдары мен халықаралық платформаларда саудасын сенімді түрде жүргізіп отыр. Электрондық сауданың үлесі 2022 жылдың қорытындысы бойынша 12,5 пайыз болды. Сондықтан отандық электрондық алаңдарды белсенді дамыту қажет. Бұл бәсекелестікті арттырып қана қоймай, бағаның тұрақтануына оң әсерін тигізеді. Салықтар, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің айналымы да экономикамыздың пайдасына жұмыс істейтін болады.

А.ТҰРМАҒАНБЕТОВА, «Заң газеті»

Елімізде пәтер сатып алу тәртібіне өзгеріс енгізілмек

Қазақстан Ұлттық банкі тұрғын үй сатып алу тәртібіне өзгерістер енгізетін түзетулер әзірледі. Тиісті құжат "Ашық НҚА" порталында жарияланды.

Қазір Қазақстандағы халық саны қанша?

Халық саны бойынша көшбасшы өңірлер – Алматы (2 314 929 адам) мен Түркістан облысы (2 150 992 адам).

Қостанай облысында рақымшылық бойынша алғашқы адам бостандыққа шықты

Қостанай облысында рақымшылық бойынша алғашқы адам бостандыққа шықты.

Мемлекет басшысы ШЫҰ бас хатшысын қабылдады

Мемлекет басшысы Шанхай ынтымақтастық ұйымының бас хатшысы Нұрлан Ермекбаевты қабылдады.