Шілде айынан бастап күшіне енетін нормативтік актілер мен мемлекеттік реттеулерге шолу

Шілдеде Қазақстанда бірқатар өзгеріс болады. Massaget.kz тілшісі ең маңыздыларына шолу жасады.

1 шілдеден бастап екінші деңгейлі барлық банк, шетелдік банктердің филиалдары, Қазақстанның даму банкі және Қазпошта Қазақстан азаматтары мен резидент емес тұлғалардың банк шоттары мен салымдары туралы Ұлттық банкке есеп беруге міндетті болады.

Шілдеде мемлекеттік мерекелердің бірі – Астана күніне орай қосымша демалыс беріледі. Мереке 6 шілдеде атап өтіледі. 2025 жылы 6 шілде жексенбіге сәйкес келеді, сондықтан демалыс 7 шілдеге ауыстырылады. Осылайша қазақстандықтар қатарынан үш күн демалады.

Бес күндік жұмыс аптасындағылар үшін:

  • 5, 6 және 7 шілде (сенбі, жексенбі, дүйсенбі) — демалыс күндері.

Алты күндік жұмыс аптасындағылар үшін:

  • 5 шілде (сенбі) – жұмыс күні;
  • 6 және 7 шілде (жексенбі және дүйсенбі) — демалыс күндері.

Биыл шілдеде бес күн жұмыс істейтіндер 9 күн демалып, 22 күн жұмыс істесе, 6 күн жұмыс істейтіндер 5 күн демалып, 26 күн жұмыс істейді.

Шілдедегі ауа райы

Шілдеде ауа температурасы қалыпты деңгейде болады, тек шығыс пен оңтүстік-шығыста климаттық нормадан 1 градус жоғары болады. Жауын-шашын мөлшері негізінен көп жылдық норма шегінде болады, тек еліміздің қиыр солтүстік-батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында жауын-шашын мөлшері нормадан артық болады.

Газдың шекті бағасы

1 шілдеден бастап Қазақстанда тауар ретіндегі газдың жаңартылған шекті бағасы енгізіледі. Баға тұтынушылар санатына қарай сараланады:

  • Алматыда, Алматы және Жетісу облыстарында ірі коммерциялық тұтынушылар үшін ең жоғары шекті баға — мың текше метр үшін 76 686 теңге (ҚҚС-сыз) белгіленді.
  • Ішкі нарықтағы қалған санаттар үшін тарифтер айтарлықтай төмен болады. Мұндай тұтынушылар арасында ең жоғары баға Алматы қаласында, Алматы және Ұлытау облыстарында тіркелді, мұнда мың текше метр үшін 39 979 теңге.

Қазақстанда кассациялық соттар департаменті құрылады

1 шілдеден бастап Астанада азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істер бойынша үш кассациялық сот жұмыс істей бастайды. Судьялардың жалпы саны 90 адамға жетеді.

Қазақстанда тұрмыстық химия өнімдерін таңбалау басталады

1 шілдеден бастап елде сабын, жуғыш заттар, майлықтар мен ұқсас өнімдерді қосқанда жалпы тұрмыстық химияны таңбалау бойынша пилоттық жоба басталады. Жоба шеңберінде кодтарды қолдану тәсілдері, бизнес жобалармен интеграция және таңбалау жүйесінің жұмысы тексеріледі.

Санжар Боқаев 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Алматының Алмалы аудандық сотында қоғам белсендісі Санжар Боқаевқа қатысты үкім жарияланды.

Рұқсат пен тыйым. Бас прокуратура депутаттарды сайлау алдында үндеу жариялады

Қазақстанда 29 қарашада мәслихат депутаттарын сайлау өтеді. ҚР бас прокурорының орынбасары Ерлан Өтегенов сайлау алдында үндеу жариялады. Ол үгіт жүргізуге тыйым салынған кезеңде үгіт-насихат жасауға болмайтынын ескерті.

Қасым-Жомарт Тоқаев: Елде кітапхана салуға көбірек көңіл бөлу керек 

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елде кітапханалар санын көбейту қажеттігін айтты. Мемлекет басшысы Мәскеуде өткен AI Journey 2026 конференциясында оқушылар мен студенттер алдында сөйлеген сөзінде кітап оқу мәдениетіне ерекше көңіл бөлу керектігін жеткізді.

Желтоқсан айында елімізде не қымбаттайды? 

Желтоқсан айында қазақстандықтарды бірқатар баға өзгерісі күтіп тұр. Tele2 және Altel кейбір тарифтерінің абоненттік төлемін 300 теңгеден 2 000 теңгеге дейін көтереді. СДЭК жеткізу қызметінің бағасын өзгертеді, ал Freedom Bank биржалық ноталарды сатып алу комиссиясын арттырады. Астанада қоғамдық көліктегі жолақы 110 теңгеден 150 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін.

Таяу Шығыстағы шиеленіс мұнай бағасын шарықтатты: Brent $100-ға жақындады 

Brent маркалы мұнай бағасы 27 қараша, жұма күні соңғы бір айдағы ең жоғары көрсеткішке жақын деңгейде саудаланып жатыр. Бұған Таяу Шығыстағы қақтығыстың шиеленісуі, Ормуз бұғазында танкерлерге жасалған шабуылдар және Сауд Арабиясының энергетикалық нысандарына соққы жасалуы себеп болған.