Экс-министр Марат Бекетаев елден қашпақ болды — Бас прокуратура

Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев экс-министр Марат Бекетаевтың ұсталуына қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Қылмыстық іс лауазымды өкілеттігін асыра пайдалану бойынша қозғалды. Мемлекетке аса ауыр көлемде шығын келтірілді. Бекетаев жасырынбақ болған кезінде ұсталды. Қалған мәлімет тергеуге байланысты жария етілмейді», — деді Шындалиев.

«Әуежайда ма?» деген журналистің сұрағына шенеунік «иә» деп жауап берген.

Еске салайық, бұған дейін әділет министрі Марат Бекетаев екі айға қамауға алынғаны хабарланған еді.

Алматыдағы кісі өлімімен аяқталған ірі жол апаты: Қазақстандықтар ашық сотты талап етуде

Жол апатынан 3 адам қаза тапты. Алматыда әл-Фараби даңғылында болған...

Қазақстанда жаңа арзан ипотека бағдарламасы іске қосылады

Жеңілдетілген ипотека бағдарламасы Қазақстанда негізгі салалардың бірінің өкілдеріне арналған. Үкімет...

Атыраудағы түрмеде төбелес шыққан: сотталғандардың бірі көз жұмды

Атыраудағы түзеу мекемесінде сотталғандар арасында жанжал шығып, салдарынан бір...

Қандай жағдайда көлік айдап келе жатып телефон ұстауға болады? ІІМ түсіндірді

Қазақстанда жүргізушілерге рөлде отырып телефон қолдануға болмайтыны ескертілді, -...

Бүгін Алматыда жалпықалалық сенбілік өтеді

23 наурыз – Тазару күні аясында Алматыда жалпықалалық сенбілік өтеді.