ШҚО-да сотталғандардың қолымен өндірілетін өнімдердің көрмесі өтті

өрмеге өндірістік нысандардың өкілдері қатысты. Пенитенциарлық мекемеде өндірілетін өнімдерге тапсырыс беру және сатып алу мәселелері жөнінде келушілердің барлық қызықтыратын сұрақтарына жауап берді.Сондай-ақ көрмеде металл өндеу және ағаш өндеу бұйымдарынан жасалған өнімдер өндіріледі. Мекеменің цехтары металл өндеу және ағаш өндеу мен жону бұрғылау фрезерлік, лазерлік кесу қондырғыларымен жабдықталған. Бұл тапсырыс берушінің кез келген қажеттіліктерін қанағаттандырып,сапалы өнім шығаруға мүмкіндік береді.Барлық ұсынылатын өнімдер таза экологиялық шикізаттан өндіріліп,мемлекеттік сапа стандарттарына сәйкес шығарылады.

«Бүгінгі күні мекеменің өндірістік қабілеті айтарлықтай үлкен деңгейде, біз іс жүзінде серіктестерімізге бос өндіріс орындарын,оларғадайын инфрақұрылымы бар алаңдарды ұсынуға дайынбыз,сонымен қатар бізде тағы бір маңызды факторды ескеруге болады. Бұл жазасын өтеуші сотталғандардың еңбек етуге деген ықыласы болып табылады, біздің мекемеде қысқа мерзімде дайын бәсекеге қабілетті сапалы өнім шығаруды және өндірістік сипаттағы қызметтерді ұсыну жолға қойылған, сондай-ақ мұндай өткізілетін көрмелер өнімді танымал етуге ғана емес ,сонымен қатар үшінші тараптағы клиенттердің санын арттырып, жұмысшы санын көбейту
мақсатында жазасын өтеушілерге бос жұмыс орындарын ұсыну басты мақсатымыз болып отыр»-деді Даурен Абылов. Бүгінгі танда түзеу мекемесінде жазасын өтеушілердің
50% -ға жуығы жұмысқа орналастырылған,сонымен қатар олардың тарапынан өз талап-арыздары өтелуде. Жазасын өтеушілерді жұмысқа орналастыру Еңбек заннамасымен реттеледі.

«Аударма әлемі» — өзекті зерттеу

Филология ғылымдарының докторы, профессор, журналист, аудармашы, Қазақстан журналистер одағы...

Заявление главного исполнительного директора Kazakh Tourism Development Е. Еркинбаева

В социальных сетях распространяется видеозапись с вырубленными деревьями, которая...

Заң – баршаға ортақ: құқықтық мәдениет – қоғам тұрақтылығының негізі

Құқықтық мемлекет құру тек заңдарды қабылдаумен шектелмейді. Оның басты...

Мемлекеттік қызметтегі әдеп – кәсіби мәдениеттің негізі

Мемлекеттік қызмет – мемлекеттің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ететін...