Шартты түрде сотталғандарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің негізгі бағыттары-білім алуына, кәсіп түрлерін игеруіне, жұмысқа орналасуына, емделуіне және құқықтық кеңестермен қамтамасыз етілуіне көмек көрсету. Себебі- қылмыс жасап, өзін қоғамға қажетсіз сезініп, алдағы өмірінен үміт үзгендер аз емес.
Пробация қызметкерлері бұрындары сотталғандармен идеологиялық жұмыстар арқылы жүргізілген болса, қазіргі уақытта олардың жұмысы ізілікті көзқарас негізінде заңдылық қатынаста және сүрініп кеткендерді жақсы адамгершілік қасиеттерге бейімдеу бағытында жүзеге асыруда.Есепте тұрған сотталғандармен тиісінше жұмыс жұмыс жүргізе білсе, олар өздерін қоғамға қажетті екендіктерін түсініп тура жолмен жүруге тырысады.
«Пробация қызметкерлері сотталған азаматқа қол ұшын созып, аталған азаматшаны толықтай медициналық тексеруден өткізіп, ШҚО бойынша облыстық наркология диспансеріне емделуге жатқызады. Сонымен қатар, жаткызылған азаматқа пробауия қызметкерлері тарамыган көмек көрсетіліп, наркологиялық емделуге қызметкерлердің бақылауымен бірге барлық талдауға қаржылай көмек көрсетіліп, сотталғандардың есірткі қабылдауын тоқтату мақсатында емдеудің толық курсын стационарды түрде жүргізіледі. Сотталғандардың туыстары пробация қызметкерлеріне алғыстарын жа білдіріп жатыр», — деді Солжағалау аудандық пробация қызметінің аға инспекторы Каим Ожиканов.


