Шымкентте мемлекеттік сатып алуда заңсыздықтарға жол бергені үшін алты мекеменің лауазымды тұлғасына айыппұл салынды

Ағымдағы жылдың алғашқы тоқсанында “Әділдік жолы” РҚБ Шымкент филиалымен қаладағы  бірнеше мекемелер мемлекеттік сатып алулардан негізсіз бас тартқандығы анықтады.

Мониторинг нәтижесінде анықталған фактілер филиал тарапынан Ішкі мемлекеттік аудит департаментіне жолданды.

Нәтижесінде аталған сатып алуларға тексеріс жүргізіліп, 6 мекемеде 15 мемлекеттік сатып алулар бойынша заңсыз мемлекеттік сатып алулардан бас тартқандығы анықталды.Аталған 6 мекеменің басшыларына жалпы сомасы 5 175 000 теңгеге 15 әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Қазіргі таңда осы  әкімшілік құқықбұзушылықтарға қатысты әкімшілік шаралар негізінде 2 587 500 тенге айыппұл бюджетке өндірілді.

Аталған заңбұзушылықтарды жіберген мекемелер қатарында  қалалық білім басқармасына қарасты екі мекеме, спорт басқармасына қарасты бір мекеме, денсаулық сақтау басқармасына қарасты бір мекеме және  автомобиль жолдары басқармасы, қаладағы алдыңғы қатарлы жоғары оқу орны бар.

                                                                     Айжан Кесебаева

“Әділдік жолы” РҚБ Шымкент

қаласындағы филиалының басшысы

Әйелдер колониясында Жеңіс күніне арналған мерекелік іс-шара өтті

Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні қарсаңында Абай облысы бойынша...

В женской колонии области Абай прошло праздничное мероприятие ко Дню Победы

В преддверии Дня Победы в Великой Отечественной войне в...

Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер колониясының қызметкерлері Ұлы Отан соғысы батырларына арналған ескерткіштің салтанатты ашылуына қатысты

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің әйелдер колониясының қызметкерлері...