Шахматшылар шаршы алаңда

Алматы қаласының ҚАЖ Департаментіне қарасты  №11 мекемеде кәмлетке толмаған сотталғандар арасында,   САӘПТЖБ 1-жасақ бастығы әділет аға лейтенанты Бектемиров Сәбит Сәкеновичтің ұйымдастырумен, кәмелетке толмаған сотталғандар арасында шахматтан 1-2 жасақ арасында турнир өтті.

Сәбит Сәкенович сотталған жасөспірімдерге турнир барсында шахмат ойнының шығуы туралы, шахматқа қатысты қызықты деректер мен бұл ойының адманың ойлау жүйесін жетілдіруге тигізетін пайдасы жайлы айтты.

Ойын соңында  жеңімпаздар анықталып, 1-орын Е.Оржан, 2-орын С.Асан 3-орын Ж.Топанов ие болды. Жеңімпаздар мекеме бастығының атынан алғыс хаттармен марапатталды.

Осындай спорттық шараның жиі өтуі жасөспірімдерге ерекше көңіл күй сыйлайды. Мұндай іс шараның мақсаты:жасөспірмдердің денсаулықтарын нығайту, оларға спорттың денсаулыққа пайдалы екенін түсіндіру,салауатты өмір салтына тәрбиелеу.

Спорт-денсаулықтың ғана кепілі болып қалмай, ой-өрістің дамуына әсер, тәртіп пен бірлікке шақырушы,отансүйгіштікке мықты болуға үлесін қосары сөзсіз.

                                                           №11мекеме  Еркегүл Жеңісхан

Кассациялық соттың құрылуы

Кассациялық сатыдағы сот шешімдерінің заң тәжірибесі мен сот практикасын...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әділ қоғам кепілі

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуына кедергі келтіретін, азаматтардың мемлекетке...

Жазбаша іс жүргізу

Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі 12-тарауында әкімшілік істерді оңайлатылған...

Еріктілер кеңесі мүшелері ардагерді құттықтауға қатысты

Ұлы Отан соғысының қатысушысы, санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің ардагері Анатолий Назарович...

Құқық пен әділет жолына ғұмырын арнаған судья – Абжанов Ербол Тюлюгазинұлы 60 жаста

Құқық қорғау және сот жүйесінде абыройлы қызмет атқарып, кәсіби...