12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Шардаралық жігіт заңды бұзып қайта қамауға алынды

Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖД қарасасты Шардара аудандық пробация қызметінің есебіне 2022 жылы тіркелген Ерхан Дауылбаев есімді азамат тіркеуден шығуына 14 ай 29 күн қалғанда заңды қаскөйлікпен бұзып, жазасының өтелмеген бөлігін темір торда өтейді.
Пробация қызметінің бақылауына алынған бас бостандығынан шектеу жазасына тартылғанғандардың арасында заңды қаскөйлікпен бұзып абақтыға қамалатындар жиі кездеседі. Өздеріне берілген санаулы мерзімді бостандықта жүріп өтей алмай, қамауға алынатыны өкінішті-ақ.
Пробация қызметінде тіркеуде тұрған сотталғандардың ісін қарап, оларға әділ шешімін шығарып жүрген Шардара аудандық сотының судясы Жанат Қарымсақов. Аудандық судяның сөзіне қарағанда пробация қызметінің бақылауына алынған сотталғандардың қайта қылмыс жасауының алдын алу мақсатында сот отырысына сотталғандарды да қатыстырады.
-Осындай жұмыстың нәтижесінде соңғы кездері бас бостандығынан шектеу жазасына тартылған сотталғандардың қайта қылмыс жасауы азайып келеді. Сондықтан да, сотталған азаматтардың қайта қылмыс жасамауы басты назарда, — деді аудандық сотының судясы Жанат Ерғалиұлы.
Қамауға алынған азаматтар жастар болса түсіністікпен қарауға болар еді. Ал, қырықтан асқан азаматтың құқық бұзушылыққа барғаны әрине өкінішті. Балалары мен інілеріне ақыл айтып отыратын азаматың сот жүктеген міндетке салғырт қарайтыны қынжылтады.
Қазіргі таңда Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты жиырмаға жуық пробация қызметі бар. Бір пробацияда кем дегенде жүзге жуық сотталған есепте тұр.
Есептегі сотталған адамдар арасында әртүрлі мінез-құлықты адамдар кездеседі, бірі қылмыс жасағанына өкініп, қылмыспен келтірген залалдың орнын толтырып, түзелу жолына түскен азаматтар болса, енді бірі тәртіпке бағынбай, сот жүктеген міндеттерді атқармай, жаза өтеу ережелерін қаскөйлікпен бұзатын сотталған азаматтарда кездеседі.
Өзінің қателігін қайта жасап, қатаң жазаға тағайындалатын адамдар кездесіп жатады. Осындайда, Шардара аудандық пробация қызметіне тіркеуге алынып, жаза өтеу тәртібін қаскөйлікпен бұзған азаматтың қателігін өзгелер қайта қайталамасын деген оймен оқырман назарына ұсынып отырмыз.
Қырықта қамал алар жастан асқан азаматтың бөтеннің мүлкін жымқырып ұрлық жасағаны үшін Жетісай аудандық сотының шешімімен бас бостандығынан айыру жазасына тартылып, темір торда жазасын өтеп аудандық пробация бақылауына алынған болатын. Бұл азамат аудандық пробация қызметіне тіркеуге алынған күні аға инспекторы әділет майоры Рахымжан Зияханов сот жүктеген міндеттерді түсіндірді. Сондай-ақ, ол жаза өтеу тәртібі мен шарттары түсіндірілгеніне қарамастан бірнеше рет, яғни әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Белгіленген уақытта үйінде болмай, профилактикалық іс-шаралаға қатысу үшін есеп беруге келмей, сот жүктеген міндеттерді орындамай жаза өтеу тәртібін қаскөйлікпен бұзған. Бұл сотталған азаматтың алдағы уақытта қылмыс жасауының алдын алу үшін және де өзінің жасаған әрекетінен сабақ алу мақсатында, пробация қызметінің инспекторы аудандық сотқа ұсынысы жіберді. Әділет инспекторының ұсынысы қанағаттандырылып Ерхан есімді азамат қалған 14 ай 29 күн бас бостандығынан шектеу жазасын енді темір торда өтейді.

Бұл азаматқа пробация қызметіне тіркеуге алынған күні сот жүктеген міндеттер түсіндірілген болатын. Егер заңға бағынбаған жағдайда сот бойынша қамауға алынатыны да ескертілді. Өкінішке, орай бұл азамат заң талаптарын орындамай, пробациялық бақылауға келмей, кешкі уақытта үйінде болмады. Пробация есебіне тіркелген азамат өзіне заң бойынша жүктелген міндеттерді бұзбағаны дұрыс. Өзінің жасаған қылмыснан сабақ алғаны абзал. Өзінің артынан ерген ізбасарларына әрбір әке үлгі болуы қажет. Себебі, әрбір бала біздің болашағымыз, — деді Шардара аудандық пробация кызметінің аға инспекторы әділет майоры Рахымжан Зияханов.

Раушан НАРБЕК
Түркістан облысы

Жұмыс режимін сақтау бойынша жиын өткізілді

2024 жылдың 10 желтоқсанында Мемлекеттік органдарда жұмыс уақыты режимін...

КОДЕКС СУДЕЙСКОЙ ЭТИКИ

Судьи Республики Казахстан, основываясь на Конституции Республики Казахстан (далее...

Харассмент: за молчаливым барьером

Актуальность данной темы в современном обществе невозможно переоценить. За...

Полиция «Альфард» жүргізушілеріне түсіндірме жүргізді

Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденовтың тапсырмасымен жеке...

Жастардың құқықтық санасын, рухын оятып, мәдениетін дамыту керек

Сыбайласқан жемқорлық атты дерттен арылу және жойу жолын жастардың...