Цифрлы  сот – заман талабы

 Халықтың сот жүйесіне сенімін арттыру мен сот өндірісін айтарлықтай жеңілдету мақсатында еліміздің сот жүйесінде бірқатар реформалар жүргізілді. Соттар цифрлық жүйеге өтіп, қағаз құжат айналымы электронды түрге кезеңмен өте бастады.  Қазіргі таңда электронды түрде талап арыздар жолданып, сот отырыстары да онлайн түрде өткізілуде. Бұл сала жұмысын айтарлықтай жеңілдетті.

Осы орайда атап өтер жайт,  цифрландырудың түпкі мақсаты – басқару жүйесін толық автоматтандыру, яғни, жүйе адам факторынсыз тексеру нысанын өзі анықтайды. Ал, адам факторы болмаған жерде заңсыздыққа жол берілмейтіні ақиқат.

Ең алдымен қолданыстағы  «Сот кабинеті» ақпараттық сервисі негізінде барлық іс жүргізу жұмыстары электронды түрде жүзеге асырылып жатыр. Яғни, тараптардың талап арыздары мен өтініш-тілектері  электронды түрде тапсырылады. Сот отырыстары дыбыс-бейнетаспаға жазылып,  жазбаша хаттама электронды хаттамамен алмастырылды. Денсаулық жағдайына немесе өзге де тұрмыс-тіршілігіне байланысты сот отырысына келе алмаған шалғай елді мекендердегі тараптар, олардың заңды өкілдері процеске қашықтан қатысу мүмкіндігіне ие болды. Процестер бейне конференц байланыс арқылы өтеді. Мұның барлығы азаматтар үшін қолайлы болып отыр. Жаңа реформалардың арқасында кез келген азамат еш шығынсыз, уақытын үнемдей отырып, сот отырыстарына қатыса алады. Қаралған істер бойынша сот отырыстарын онлайн тәртібінде  өткізу іс жүргізуге қатысушылардың қаржылық шығындарын  азайтуға ықпал етіп, тағайындалған сот отырыстарын кейінге қалдырмай, уақытылы қарауға мүмкіндік беріп отыр.

Жалпы Жоғарғы Сот жүргізіп жатқан сот жүйесін цифрландыру жұмысының қарқыны көңілге қуаныш ұялатады.  Сот жүйесін цифрландыру – сот жүйесінің қызметін кеңейтіп, әділ сот жүйесін нығайтуға өз үлесін қосып қана қоймай, сонымен қатар, кез-келген заңсыздықты уақытылы алдын алып, дер кезінде төтеп бере алатын жағдайға да жеткізетіні анық. Сот жүйесі толық цифрландыруға өткен жағдайда сот жүйесіндегі оқылықтар мен кемшіліктердің шешімі табылып, азаматтардың да сот билігіне деген сенімі артып, одан әрі нығаяры сөзсіз.

Сембаев Данияр Казалиевич, Алматы қаласы Әуезов аудандық сотының судьясы

Исследование КИОР: соцсети и телевидение остаются главными источниками информации для казахстанцев

Информационная среда Казахстана сохраняет многоканальный характер. Лидирующие позиции занимают...

Свыше 73% казахстанцев позитивно оценивают доступность детских садов – результаты соцопроса КИОР

Доступность школ, детских садов, учреждений культуры и спортивных объектов...

Қазақстандықтар әлеуметтік инфрақұрылымның қолжетімділігін жоғары бағалайды

Қазақстанның қалалары мен ауылдық елді мекендерінде мектептердің, балабақшалардың, мәдениет мекемелері...

«Е-қызмет» – мемлекеттік қызметке кірудің жаңа мүмкіндігі

Мемлекеттік қызметке орналасу енді бұрынғыдан да ыңғайлы әрі ашық...

Миранда ережесі: Конституциялық деңгейдегі жаңа құқықтық кепілдік

Адамның құқықтары мен бостандықтары – демократиялық және құқықтық мемлекеттің...