Ақпараттық технологиялардың жеке және мемлекеттік сектор жұмысындағы рөлінің кеңеюі — цифрлық мемлекетке көшудің негізі болып отыр. Мемлекет, бизнес және қоғамның тиімді өзара әрекеттесуіне мүмкіндік беретін сот жүйесіне цифрландыру технологияларын енгізу барған сайын ауқымды және динамикалық үдеріске айналуда.
Цифрландыру барлық мемлекеттік органдарда оның ішінде сот саласында кеңінен дамуда. ІТ-технология азаматтардың конституциялық құқықтары мен еркіндігін тиімді әрі жедел қорғауға мүмкіндік береді. Сот жүйесін цифрландыру жеделдеп, бейне-конференциялық байланыстың қосымша ұтқыр серверлері орнатылды. Байланыс арналарының өткізу қабілеті артты. Бұл соттарға қашықтан жұмыс істеу форматына көшуге мүмкіндік берді.
Цифрландыру сот төрелігінің жұмыс істеу деңгейін жаңа деңгейге көтеруде. Сот процестері толықтай дыбыс-бейне жазбалары арқылы таспаланады. Қажеттілігіне қарай сот процестері онлайн форматта да жүргізіледі. Яғни, соттың ашықтығы мен жариялығын қамтамасыз етуде.
Халыққа қолайлы болу үшін сотқа қашықтан жүгінуге мүмкіндік беретін «Сот кабинеті», соттың электронды поштасы, «Е-өтініш» сервистері, мемлекеттік органдармен құжат алмасу «ЭҚАБЖ» ақпараттық сервисі (ЕСЭДО), ал еліміздің сот жүйесінде өзара құжат алмасу «Төрелік» ақпараттық жүйесі арқылы қарқынды жүзеге асырылуда.
Сонымен қатар, «Е-татуластыру», «Сот істерін іздеу», «Сот актілерінің банкі», «Е-сараптама», «Е-қылмыстық іс» және т.б. сервистерде өз нәтижесін беруде.
Сот жүйесіне жаңа технологияларды енгізу, халықтың сот төрелігіне қолжетімділігін жоғарылатып, құқықтық қоғамның мүшелеріне және бұқаралық ақпарат құралдарына сот қызметі туралы жедел және ашық түрде ақпарат алуға мүмкіндік беріп жатқанын атап өту қажет.
Одан бөлек, сот жүйесінде қазіргі заманғы технологияларды енгізу және қолдану сот ісін жүргізуді жеңілдетіп, бюрократиялық кедергілер мен сыбайлас жемқорлыққа тосқауыл қойып, халыққа жылдам және сапалы қызмет көрсетуге ықпал етуде.
Қазіргі таңда, сот саласын барынша жаңа технологиялармен жабдықтау және тиімді сервистермен қамтамасыз ету жалғасын табуда.
Жамбыл облысының қылмыстық істер
жөніндегі мамандандырылған ауданаралық
соты әкімшісінің сот приставы Е.Қалыбеков