Халықаралық әйелдер күніне орай белгілі заңгер тікелей эфирге шығады

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия тікелей эфирлер сериясын ұйымдастырады, онда белгілі заңгер Айман Омарова әйелдер мен келіншектердің құқықтарына қатысты сұрақтарына жауап береді. Сонымен қатар отбасылық өмірдегі, үйдегі (тұрмыстық) және жыныстық зорлық-зомбылықтағы жеткіншектердің, жас балалары бар сотталған әйелдердің құқықтары да жан-жақты талқыланады.
Көкейіңіздегі сауалдарыңызды 8 776 577 92 67 Whatsapp нөміріне жіберуге болады.
Сұрақтарға заңгер жиі қойылатындарына қарай топтап, жинақтап тікелей эфир барысында жауап береді. Нақтылай айтқанда:
1 наурыз – некені бұзу, алимент өндіру, бала тәрбиелеу мәселелері бойынша тікелей эфир;
2 наурыз – әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы;
3 наурыз – балаларға қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелері бойынша;
4 наурыз – әйелдер мен қыздарға қатысты жыныстық зорлық-зомбылық, оның ішінде туыстық қатынас мәселелері талқыланады.
5 наурыз – жас балалары бар сотталған әйелдердің мәселелері бойынша;
6 наурыз – зорлық-зомбылық салдарынан бала туған әйелдердің мәселелері, сондай-ақ әке болуды белгілеу, анықтау туралы сұрақ-жауап өрбиді.
7 наурыз – зорлық-зомбылықтың барлық түрлері бойынша, соның ішінде дәстүрлер мен діни аспектілерге қатысты проблемалар айтылады.
Сауалдар «8 наурыз» деген белгімен қабылданады.
Сұрақтарға жауап беру кезінде деректеріңіздің ашық болғанын қаламасаңыз, мұны сұрақтың соңында көрсетіңіз.
Сонымен қатар, тікелей эфирге қыздар, әйелдер мен балалардың құқығын қорғау саласындағы сарапшылар шақырылады.
Мереке құтты болсын!

Ұлттық жоба аясында жеті қалада кәріз-тазарту құрылысы салынуда: министрлік басты мәселелерді атады

Елімізде кәріз-тазарту құрылыстарының жай-күйі мәз емес. Кейбірінің тіпті әбден...

От образования до внешней политики: чем заинтересовала казахстанцев книга Токаева

Книга Президента Касым-Жомарта Токаева «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз»...

Проведение оперативно-профилактического мероприятия «Безопасный дом» службой пробации Бостандыкского района

На учете службы пробации Бостандыкского района Департамента уголовно-исполнительной системы...

ЖАҢА ТАРИХИ КЕЗЕҢ: ҮМІТ, СЕНІМ ЖӘНЕ ЖАСАМПАЗДЫҚ

Алматыда Президент Жолдауының басым бағыттары талқыланды      2026 жылғы 4...