Умраға апарамын деп 50-ден аса адамды алдаған кәсіпкер ұсталды

Умраға апарамын деп 100-ден астам адамды алдады деген күдікпен «Кәусар тревел» компаниясының басшысы ұсталды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «КТК» телеарнасына сілтеме жасап.

Медет Мұратбайұлы кіші қажылықты өтеуге ниет еткеннің әрқайсынан кемі 1 мың доллардан алған.

Полицейлер «Кәусар тревелдің» басшысына іздеу салып, Медет Мұратбайұлы Алматыдағы жалдамалы пәтерлердің бірінде ұсталды.

«Мекке мен Мәдина қалаларына жолдама алып, 50-ге жуық адамды алдаған туристік агенттіктің басшысы ұсталды. Аталған жайт бойынша ҚР ҚК 190-бабымен қылмыстық іс қозғалып, күдікті қамауға алынды», — дейді Шымкенттің Еңбекші ауданы полиция басқармасы тергеу бөлімінің бастығы Ерлан Ирбаев.

Қаңтарда қажылыққа кетуге тиіс азаматтар сол күйі Мекке мен Мәдинаға бара алмаған. Ал Алматыдан жолға шыққан 57 адамды турфирма Мәдинадағы жатақханаға тастап кеткен. Сондықтан қазақстандықтар өзге елде жатын орын мен тамаққа қосымша қаржы шығындап, қайтуға билетті де өз ақшасына сатып алған. Қазір «Кәусар тревелден» жолдама алғандар жаппай полицияға арыз жазып жатыр.

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына 20 үміткер анықталды

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын беру жөніндегі конкурстық комиссияның қорытынды...

ҚазҰУ-да «Жасанды интеллект дәуірі: Баспа ісі, медиа және дизайн» атты халықаралық күзгі мектеп басталды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Ұлттық баспа күніне орай...

Жетісу облысындағы инсульт орталықтарында Cerebra жасанды интеллект жүйесі енгізілді

Жетісу облысындағы барлық инсульт орталықтарында ишемиялық және геморрагиялық инсультті...

Как горный туризм может расширить экономику Алматы

Развитие Алматинского горного кластера и проекта Almaty SuperSki может...