12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Тәуелсіздік құнды қазына

Жер бетінде шамамен екі жүзден аса мемлекет бар болғанымен, мыңға жуық ұлт мекен етеді. Осы статистикалық мәліметтен-ақ қаншама ұлттың ата қонысында өзіндік мемлекеті жоқ немесе мемлекеті болса да тәуелсіздігі мойындалмаған. Ал қазақ халқының өз ата мекенінде өзіндік билік құрып, әлем картасында Қазақстан атауымен өзінің тәуелсіз республикасы бар. Бұл әлемдік саяси-экономикалық тұрақсыздық шеңберіндегі қазақ халқының мақтанышпен кеуде керіп айта алатын жетістігі.

Осы күндері Қазақстан тәуелсіздігін кеше алды ма, әлде бұрыннан болды ма деген екі ұдай пікірлер қаптап жүр. Әрине қазақтың қазақ болып қалыптасқаннан бері ешкімге бағынбаған, сайын даланы көкбөріше еркін кезген өзінің тәуелсіз мемлекеті болған.

Сәл тарихқа көз жүгіртіп, артқа шегініс жасасақ, ХV ғасырдың орта шенінде ауызын айға білеген Еуразия материгінің жартысын дәргейіне салған алып Алтын Орданың тікелей мұрагері Ақ Орданың бағзы мекені, қазіргі қазақ даласында еркіндікті аңсаған Қазақ хандығы өмірге келді.

Үш ғасырдай шаңырағы бұзылмай келген көшпелі қазақтар түрлі соғыстың, алмағайып заманның нәтижесінде өзінің тәуелсіздігінен айырылып қалған-ды. Алдымен Ресейдің отарлау саясатына тап болса, осыдан бір ғасыр бұрын Кеңестер елінің автономды республикасына айналды.

Алайда тәңірдің бізге берген тартуы болар, тәуелсіздік жолында күрескен ата-бабамыздың ғасырлық арманы, ел мүддесіндегі үміті қайта тұтанып, 1991 жылы 16 желтоқсанда өз тәуелсіздігімізді қайта қолға алдық.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылында жас мемлекетіміз үшін ауыр болғанымен, сын-қатерлерден өте отырып, елеулі жетістіктерге қол жеткізе білдік. Шекарамыз бекітіліп, өз әскеріміз жасақталды. Біріккен ұлттар ұйымына мүшелікке өтіп, ядролық қарудан бас тарта отырып, бейбіт сүйгіш елге айналдық. Өзіміздің көк байрағымыз төрге ілініп, кең даламызда Әнұранымыз ойналды. Төл теңгеміз қолданысқа еніп, қилы кезеңде ата қоныстан ажыраған қандас-бауырларымыз тұранның төріне ағыла бастады. Алғашқы он жылдықта Ата Заңымыз қабылданып, Сарыарқа төрінде әсем Елордамыз бой көтерді.

Жоспарлыдан нарықтық экономикаға қадам басып, кәсіп жасаймын деген азаматтарға мүмкіндіктер есігі ашылды. Жаңа оқу орындарының іргетасы қаланып, Тәуелсіз қазақ елі экономикасы бәсекеге қабілетті демократиялық мемлекет ретінде әлемде тұрақтылықтың символына айналды.

Түрлі салада реформалар орын алып, болашаққа сеніммен қадам баса бастадық. Сондай реформалардың бірі сот жүйесінде де орын алды. Кеңестік кезінде атқарушы билікке тәуелді, сайланбалы сот жүйесі 1992 жылғы 24 маусымдағы «Қазақ КСР-нің сот жүйесі туралы» Заңына енгізілген түзетулер нәтижесінде тәуелсіз биліктің бір тармағына айналып, сот төрелігін тұрақты түрде тағайындалатын судьялар атқарып келеді. Сот жүйесін жаңғыруы, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын тәуелсіз соттың қорғауы – ел тәуелсіздігінің беріктігін көрсетеді.

Бүгінде экономикасы қарыштап дамыған тәуелсіз еліміздің беделі әлем алдында мойындалған. Күш-қуатының арқасында жетекші ұйымдарға басшылық жасап та көрді.

Қиындықпен жеткен және аялап қорғауға лайықты Тәуелсіздігіміз ең қастерлі, ең қымбатты ұғым. Ел тарихы мен ұлт тағдырына түбегейлі бетбұрыс жасаған қасиетті күнді дәріптеу, сақтау, кейінгі ұрпаққа аманаттау біздің басты борышымыз. Оны осында мекен еткен әрбір адам сезіне білу қажет. Тәуелсіздікті сақтау – жаугершілік заманның ғана әрекеті емес, бейбіт күнде де туған жердің сүйем жерін қызғыштай қорғап, әр азаматына құрметпен қарау, құқықтық мемлекетті нығайту мен заңды бұлжытпай орындау, өз ісіне адал қарау мен ауызбірлікте болу.

Экономикасы қуатты, болашаққа нық сеніммен қадам басқан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні құтты болсын! Еліміз аман, бейбіт заман болсын!

Еламанов Нұрлан

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық       экономикалық сотының судьясы

Как не стать жертвой финансовой пирамиды

Финансовая пирамида (также инвестиционная пирамида, схема или игра Понци)...

Сот отырысында аудио-бейне тіркеу жүйесін пайдалану ережелері

Осы Сот отырысына қатысуды қамтамасыз ететін техникалық байланыс құралдарын...

СОТ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ — ҚОҒАМНЫҢ ТАЛАБЫ

Сот - кез-келген даудың түйінін тарқатып, әділдігін айтып, тура...

Сот азаматтың тұрғын үй құқығын қорғады

Талап қоюшы 2011 жылдың сәуір айынан бастап «жасына байланысты...

Кассациялық соттың құрылуы және қызметі

«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан...