Театр гардеробтан, ал қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесі тексеруден басталады. Бүгінгі таңда ҚАЖ мекемелерінің ең өзекті мәселелердің бірі олардың аумағына тыйым салынған заттардың кіруіне жол бермеу болып табылады. Бұл ретте тексеру тобы маңызды рөл атқарады.
Тексеру тобының қызметі мен негізгі міндеті тыйым салынған заттардың мекеме аумағына кіруіне жол бермеу және алдын алу болып табылады. Аумаққа кіретін барлық адамдарға, тексеру тобының қызметкерлері ішкі тәртіп қағидаларында белгіленген рұқсат етілген және тыйым салынған заттардың тізбесін жеткізеді. Сондай-ақ қол қою арқылы келушілер тыйым салынған заттарды алып өтуі және сотталғандарға бергені үшін жауапкершілікпен танысады.
Кейін, барлық тұлғалар тексеру бөлмесінде орналасқан рентген-телевизиялық қондырғысы (РТҚ) арқылы өтеді. Бұдан басқа, қызметкерлер сотталғандарға берілетін сәлемдемелер мен бандерольдерді мұқият тексеруді ұйымдастырады.
Тыйым салынған заттарды табу және алып қою, өте маңызды және мұқият жұмыс, өйткені сотталғандардың қолына ұялы телефондардың, алкогольдің, есірткінің және басқа да тыйым салынған заттардың түсуі тәртіпті, ұстау режимін бұзуға әкелуі мүмкін.
2023 жылдың басынан бастап СҚО бойынша ҚАЖД ведомстволық бағынысты мекемелерінің қызметкерлері тыйым салынған заттарды алып өтудің бірқатар әрекеттерінің жолын кесіп, нәтижесінде 56 ұялы телефон мен 2,76 грамм есірткі заттары тәркіленді. 3 бейбіт тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылды (1 айыппұл, 2 ескерту).
Айта кету керек, тыйым салынған заттардың мекеме аумағына енуіне жол бермеу барлық қызметтердің бірлескен жұмысы нәтижесінде жүзеге асырылады.
СҚО бойынша ҚАЖД №48 мекемесінің
СТжӘПЖБ жасақ бастығы
әділет аға лейтенанты
В.Сёмин


