Тәлімгерлік

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Ержан Сапарбекұлы Саденовтың нұсқауы бойынша 2024 жыл кадр саясаты сапасын жақсарту болып жарияланды. Осыған байланысты, жеке құрам арасында тәрбие жұмысын жүргізу үшін ардагерлерді жұмылдыру міндеттелді. 

Ағымдағы жылдың 12 қаңтарында Астана қаласы бойынша ҚАЖ Департаментінің №2 мекемеде жеке құрам мекеме ардагері Юрий Борисович Омильницкиймен  кездесті. Кездесу барысында жас қызметкерлерге тәлімгерлік етудің маңызды сұрақтары қарастырылып, тәлімгерлердің міндеттері мен мақсаттары белгіленді.

Сонымен қатар, жас қызметкерлерді тағайындау кезінде бекітілген ардагер тәлімгерлермен айсайын кездесу өткізуді ұйымдастырып, олардың жұмысының тиімділік көрсеткіштеріне талдау жүргізу  мақсатталды. Кездесу соңында Юрий Борисович жеке құрамға жемісті қызмет және жаңа жылда жаңа жетістірге жетуді тілеу лебіздерімен аяқтады.

Әйелдер колониясында Жеңіс күніне арналған мерекелік іс-шара өтті

Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні қарсаңында Абай облысы бойынша...

В женской колонии области Абай прошло праздничное мероприятие ко Дню Победы

В преддверии Дня Победы в Великой Отечественной войне в...

Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер колониясының қызметкерлері Ұлы Отан соғысы батырларына арналған ескерткіштің салтанатты ашылуына қатысты

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің әйелдер колониясының қызметкерлері...