ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ – ЗОМБЫЛЫҚ — ҚОҒАМ ДЕРТІ

«Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» акциясы аясында Түркістан облысы Сарыағаш ауданында жастармен кездесу ұйымдастырылды. Аталған шараға әйелдерді зорлық зомбылықтан қорғау бөлімінің аға инспекторы Ақтолқын Кубегенова, Сарыағаш ауданы әкімдігі жанынан құрылған кауіпсіздікті камтамасыз ету жөніндегі ведомствоаралық топ мүшесі Жазира Ибрахим, аға инспектор Гүлмира Сарыбаева мен «Жастар ресурстық орталығының» маманы Нұрболат Әбдірәлім және аудан мектептерінің жоғары сынып оқушылары мен мұғалімдер қатысты.
Қазіргі күні елімізде отбасы институтының беделін арттыру, нығайту бағытында жүйелі жұмыстар атқарылып келеді. Бірақ жалпыұлттық іс-шаралар жоспары шеңберінде аз қамтылған, көпбалалы, қиын жағдайға тап болған отбасыларға жәрдемдесетін орталықтардың көптігіне қарамастан, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырағандардың саны азаймай тұр.Отбасындағы жанжалдан басталып зорлық-зомбылыққа ұласатын әрекеттерден зәбір көретіндердің басым бөлігі – әйелдер мен балалар. Сондықтан бұл мәселе — еліміздегі өзекті мәселелердің біріне айналып отыр- деп Ақтолқын Серікқызы өзінің пікірін білдірді
Шара барысында жасөспірім балаларды зорлық зомбылықтан корғауға, отбасының, оның ішінде әйел-ананың рөлін нығайтуға, отбасылық құндылықтарды насихаттауға бағытталған, мемлекеттің қабылдап жатқан шаралары тура кеңінен ақпараттар беріліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ

Сыбайлас жемқорлық — заңды бұзу ғана емес, қоғамның әділдікке...

Әкімшілік іс жүргізу барысындағы дәлелдемелер және дәлелдеудің тәртібі мен ерекшеліктері

Соттар талап қою нысанасын дәлелдеу процесінде тараптардың, атап айтқанда...

Кассациялық сот құру сот төрелігінің сапасын және азаматтардың жалпы соттарға деген сенім деңгейін арттыру

Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судяларының мәртебесі туралы» Конституциялық...

Конституциялық құқық белгілерінің бірі — мемлекеттік тіл

Тіл – ұлттың рухани байлығы, елдің тарихи жады мен...

Сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу және болдырмау іс шаралары

Қазіргі таңда әрбір дамыған мемлекеттің алдында тұрған ең басты...