12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚҚА ТӨЗУГЕ БОЛМАЙДЫ

Қазақстан – Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдері арасында денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру қылмыстық құқықбұзушылық болып саналмайтын жалғыз ел. Әлемнің көптеген елдерінде тұрмыстық зорлық-зомбылық қылмыс ретінде қарастырылған және бұл қылмысты ауырлататын мән-жай. Біздің елімізде, бұл шара құқық қорғау органы қызметкеріне ыңғайлы болу үшін және оның жүктемесін барынша азайту мақсатында жойылған.

Яғни, Қазақстанда адам және оның құқықтары мен бостандықтары басымдыққа ие емес. Ол Астанада Орталық Азиядағы бес елдің өкілдерін жинаған БҰҰ-ның «Нұр сәулесі» бағдарламасының екі күндік аймақтық конференциясында айтылды. Сала мамандары, тәуелсіз сарапшылар бас қосқан жиында бұл мәселе жан-жақты талқыланды. Жиында айтылған әңгімеден түйгеніміз, зорлық-зомбылықтың кез келген түріне мүлдем төзбеушілік – жаһандық тренд, яғни, өркениетті қоғамның шарты. Сондықтан әртүрлі юрисдикцияларда заңнамалық реформалар жүруде. Өзге мемлекеттер бұл мәселелерде әлдеқайда алға шығып кетіпті. Мәселен, Армения, Грузия, Литва, Тәжікстан, Өзбекстан және Украинада қасақана жеңіл дене жарақатын салу және ұрып-соғу заңнамалық түрде қылмыс болып дәйектелген. Сол секілді Молдовада да отбасында ұрыпсоғу және жеңіл дене жарақатын салушылыққа қылмыстық жауапкершілік көзделіпті. Ал Әзірбайжан, Беларусь, Қырғызстан және Ресейде денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргенде және бұл елдердің Әзірбайжаннан басқасында ұрып-соғу қайталанып, ауырлататын мән-жайлар болған кезде ғана қылмыстық жауапкершілік іске қосылады. Жалпы тұрмыстық зорлық-зомбылық Молдовада 2010 жылы, Грузияда 2018 жылы, Қырғызстанда 2021 жылы, Өзбекстанда 2023 жылы қылмыс деп танылыпты. Ал, біздің еліміз әлі күнге бұл мәселеде өзінің ұстанымын айқындай алмай келеді. Жалпы, мемлекетіміздің зорлық-зомбылыққа қатысты ұстанымы үш рет өзгеріпті. 2004 жылы ұрып-соғуды және денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіруді қылмыссыздандыру жайлы шешімі қабылданса, 2011 жылғы және 2014 жылғы Қылмыстық кодекстегі өзгерістерде бұл әрекеттер қылмыстық деп саналып, ал кейіннен, 2017 жылы қайтадан жауапкершілік жойылды. Сарапшылардың айтуынша, мұның барлығы қылмыс статистикасын төмендетіп көрсету және қылмыстық процестің ауыртпалығын азайту мақсатында құқық қорғау органдарының тар ведомстволық мүдделерін лоббилеу. Бұдан шығатын түйін – Қазақстан халқына апаттық салдары бар әлеуметтік эксперимент жүргізіліп жатқандай. Өйткені соңғы 8 жылдағы әрбір бесінші қылмыстық құқықбұзушылық отбасы және шаруашылық саласында болып, соңғы бес жылда 1052 адамнан айрылыппыз. Қылмыстық құқықбұзушылықтардың барлық санаттарының ішінде отбасы-тұрмыстық қатынастардағы ауыр қылмыстар айтарлықтай көп. Олардың саны 8 жыл ішінде 2583-ке жетті. Яғни, жылына орта есеппен 322 ауыр қылмыс тек отбасында жасалады. Ал, осы кезеңде тіркелген аса ауыр қылмыс саны 1112-ге жеткен. Әр жылға шаққанда орта есеппен отбасыларда 132 осындай оқиға болыпты. Ресми дерек жыл сайын денсаулыққа қасақана зиян келтірудің жеңіл ұрып-соғу фактісі бойынша 6030 істің қысқартылып, құқықбұзушылардың тек үштен бірінің жауапқа тартылғанын айтады. Тұрмыстық зорлық-зомбылық сипаттағы, яғни денсаулыққа жеңіл зиян келтіру және ұрып-соғу секілді әкімшілік құқықбұзушылықтардың тез және тұрақты өсуі байқалып отыр. Тек соңғы екі жылда бұл көрсеткіш 16-35 пайызға өсіпті. Осылайша, қылмыссыздандырудан кейін, яғни 2017 жылы Қылмыстық кодекстен Әкімшілік кодекске екі бап ауысқан соң, кері үрдіс күтілсе, керісінше болды. Жаза жойылған жерде жауыздық етек алатынының бір айғағы – осы. Қылмыстық кодекстегі азаптауға қатысты 110-бап жүйелі түрде ұрыпсоғу немесе өзге де зорлық-зомбылық әрекеттері денсаулыққа ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтіруге әкеп соқпаса, жұмыс істемейді. Сегіз жыл ішінде отбасылық-тұрмыстық салада осындай 18 ғана жағдай тіркелген. Бұл оны тіркеу үшін бір жыл ішінде үш рет ұрып-соғуды алып тастап, әкімшілік жауапкершілікке тарту керектігімен түсіндіріледі. Ал негізінде бұл қарқынмен жағдай тек енді азаптауға емес, денсаулыққа да ауыр зиянға алып келері анық. Өйткені ұрып-соғудың жазасыз қалуы таза психологиялық тұрғыдан аса ауыр күш қолдануды тудырады. Қалай дегенде де, отбасына және күнделікті өмірге қатысты «нөлдік төзімділік» қағидатын бұзу қылмыстық заңнаманың зорлық-зомбылықтың алдын алу әлеуетін төмендетеді. Қылмыссыздандырудан кейін тұрмыстық зорлық-зомбылықтың өсуі бұл шараның қате екенін көрсетті. Демек, зорлық-зомбылыққа қатысты заңнаманы ізгілендіруге жол беруге болмайды. Негізі қылмысты болу әрқашан бас бостандығынан айыру дегенді білдірмейді. Барлық бұзақы қылмыскерлерге бас бостандығынан айыру жазасын қолдану қажет емес. Кез келген жаза пропорционалды болуы және түзелуге ықпал етуі керек. Жазаның бас бостандығынан айырумен байланысты емес, яғни, қоғамдық жұмыстарға тарту, бас бостандығын шектеу, медициналық сипаттағы мәжбүрлеу секілді түрлері өте көп. Тоқетерін айтқанда, мемлекет тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты саясатын өзгертіп, кез келген зорлық-зомбылықтың қатаң түрде басылатыны және барлық қолжетімді заңды құралдарымен қудаланатыны туралы түсінік беруі керек. Сонда ғана адам, оның өмірі мен денсаулығы, құқықтары мен бостандықтары нағыз конституциялық құндылыққа айналады.

А.ТҰРМАҒАНБЕТОВА, «Заң газеті»

Вызов для памяти и воспитания

ДЕНЬ ПОБЕДЫ – ДАТА, ОТМЕЧАЕМАЯ С ГОРДОСТЬЮ И УВАЖЕНИЕМ К ГЕРОЯМ ВЕЛИКОЙ ОТЕЧЕСТВЕННОЙ ВОЙНЫ. ОДНАКО 80-ЛЕТИЕ ПОБЕДЫ ЗАПОМНИТСЯ КАЗАХСТАНЦАМ НЕ ТОЛЬКО ПАРАДОМ, ТОРЖЕСТВЕННЫМИ МОМЕНТАМИ, НО И ЧЕРЕДОЙ СКАНДАЛОВ, КОТОРЫЕ ВОЗНИКЛИ НА ФОНЕ ПРАЗДНОВАНИЯ.

“Астана LRT“ экс-басшысы Талғат Ардан Түркияда ұсталды

ҰҚК Антальяда "Астана LRT" экс-басшысы Талғат Ардан ұсталғанын мәлімдеді.

Қазақстан мен БАӘ қандай құжаттарға қол қойды?

Мемлекет басшысы Абу Дабидің тақ мұрагері Халед бен Мұхаммед Әл Нахаянмен келіссөз жүргізді.

Қазақстанда кімдер айына миллионнан аса жалақы алады?

Ұлттық статистика бюросы 2025 жылғы бірінші тоқсан бойынша Қазақстандағы қызметкерлердің саны мен жалақысы туралы деректі жариялады.

Президент Қазақстан мен БАӘ арасындағы келісімді ратификациялады

Президент Қазақстан мен БАӘ арасындағы келісімді ратификациялады.