Түркістан қалалық пробациясында тұрған сотталған психикалық ауруханаға жолданды

Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖД қарасты Түркістан қалалық Пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандарға әлеуметтік құқықтық көмек көрсете ғана қоймай, сондай-ақ психологиялық көмек те көрсетіледі. Сотталғандардың өмірлік қиын жағдайға дұшар болған тұлғаға немесе отбасылық жағдайына байланысты психологиялық диагностика, түзеу мекемесінен кейін қоғамға бейімделу мен оңалту мақсатында көмек беріледі.

Сотталғандарды есепке қою кезінде психологиялық тұрғыдан соттталғанның мінез құлқын, ішкі жан-дүниесін, отбасылық жағдайын, араласу ортасын зерделеп, жеке бағдарламасы, психологиялық мінездемесі құрастырылады. Есепте тұрған соталғандар өте байыпты қарайды және әңгімеге белсенді қатысып, кейбіреулері толғандырып жүрген мәселелерімен бөлісіп отырады. Сотталғандардың ішінде күйзеліске түсетіндер жие кездеседі. Әрине, мұндай жағдайда сотталған азаматтарға психолог маманның көмегі ауадай қажет, себебі үнемі күйзелісте жүрген сотталған азаматтар сұрақтарына тиісті жауап таба алмаған кезде қайта қылмысқа баруы мүмкін немесе өз өзіне қол жұмсауы да ықтимал, — деді Түркістан қалалық ПҚБ-нің аға инспекторы әділет аға лейтенанты Абдуали Мұхамбетқалиев.

Сонымен қатар, Түркістан қалалық пробация қызметінің есебінде тұратын азаматтарға әлеуметтік-құқықтық, психологиялық көмектер жүйелі жүргізіліп келеді. осындай істің бірі Түркістан қалалық пробация қызметі бөлімінің есебінде тұрған азаматқа әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетіліп, Кентау қалалық психикалық ауруханасына жатқызылды. Психикалық дертке шалдыққан азамат 2022 жылы ұрлық жасағаны үшін пробация бақылауына алынған болатын. Бұл азамттың денсаулығындағы кінәратқа байланысты Түркістан қалалаық пробация қызметінің мамандары жыл сайын ем алуы үшін психикалық ауруханаға жатқызып тұрады.

Пробация есебінде тұрған бұл азаматтың отбасы мүшелерінің сұрауы және рұқсатымен психикикалық ауруханаға жатқызылды. Ол ауруханада өзіне тиісті ем шараларын алады. Сотталғанның қайта қылмыс жасау әрекетінің алдын алу мақсатында жүйелі түрде шаралар ұйымдастырылуда, — деді деді Түркістан қалалық ПҚБ-нің аға инспекторы әділет аға лейтенанты Абдуали Мұхамбетқалиев.

Қалалық пробация қызметінің инспекторлары есепте тұрған әрбір азаматтың әлеуметтік және тұрмыстық жағдаймен танысып, оларға қандай да бір көмек қажет болса заңды тұрғында іске асыруда.

Министерство обороны проведет конкурс по организации питания военнослужащих

Министерство обороны проведет конкурс по организации питания военнослужащих  Министерство обороны...

Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілерді тамақтандыруды ұйымдастыру жөнінде конкурс өткізеді

Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілерді тамақтандыруды ұйымдастыру жөнінде конкурс өткізеді Қорғаныс...

Денежное взыскание

Одним из новшеств АППК является мера процессуального принуждения в...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ 10 000 СТУДЕНТ ҚАТЫСҚАН «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АПТАЛЫҒЫ АЯҚТАЛДЫ

Абай университетінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен бекітілген «Таза...