Түркістан полицейлері 9 жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген шетелдікті ұстады

Түркістан облысының полицейлері «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында, 9 жыл халықаралық іздеуде жүрген 31 жастағы ер адамды ұстады.

Анықталғандай, күдікті деп танылған Ресей азаматына есірткіні заңсыз сақтау қылмысы үшін 2014 жылы іздеу жарияланған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Кентау қалалық полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері қылмыскердің орналасқан жерін анықтады. Одар әрі жедел уәкілдердің жүйелі жүргізілген әрекеттерінің арқасында ер адам Кентау қаласындағы пәтерлердің бірінен ұсталды.

Полицейлер оны қалалық полиция бөліміне жеткізді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.
Қазіргі уақытта оны экстрадициялау мәселесі шешілуде.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Расширение сферы административной юстиции

17 декабря 2025 года Глава государства подписал Закон Республики...

Разногласия по налоговым спорам

Если упрощенно, то под налоговыми спорами понимаются разногласия, возникающие...

Әдеп нормаларын сақтау міндет

Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби біліктілігі мен қызметтік әдебі, мінез-құлқы, этикалық...

Раздел без согласия

В КАЗАХСТАНЕ НАРАСТАЕТ ЧИСЛО ОБРАЩЕНИЙ, СВЯЗАННЫХ С НАРУШЕНИЯМИ В...

Жапон студенттері Іле-Алатауда қазақ мәдениетімен танысты

Наурыздың шуақты күндерінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде білім...