Түркістан облысының полицейлері мас жүргізушіні анықтады

Рейдтік іс-шаралар жүргізу кезінде Шардара аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері көлік құралын мас халде басқарған жол ережесін бұзушыны анықтады.

Түнгі сағат 00:30 шамасында полиция қызметкерлері Шардара қаласы көшелерінің бірінен жол жиегіндегі арыққа түсіп кеткен «Ауди 100» көлігін байқады. Жүргізушінің жағдайын біліп, мән-жайды анықтамақшы болған тәртіп сақшылары көлік иесінен мас болудың белгілерін байқайды. Содан жол ережесін бұзушы, жергілікті тұрғын медициналық куәландыруға бірден жеткізілді. Зерттеу қорытындысы ер адам ішімдік ішіп көлік жүргізгенін дәлелдеді.

Аталған жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Полицейлер жинақталған материалдарды заңды шешім қабылдау үшін Шардара аудандық сотына жолдады. Құқық бұзушының көлігі айыптұраққа қойылды.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Азаматтық істердегі эксаумақтық соттылық: сот төрелігінің тиімділігін арттыру тетігі

Қазіргі таңда азаматтық-құқықтық қатынастардың кеңеюі мен қоғамның цифрлануы сот...

БАЛА ТҰЛҒАСЫ ЖӘНЕ ПЕДАГОГ КӘСІБИЛІГІНЕ АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖИЫН ӨТТІ

Бүгін Абай университетінде «Бала тұлғасы және педагог кәсібилігі: мектепке...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ КӨШПЕНДІЛЕР ӨРКЕНИЕТІН ЗЕРТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Абай университетінде «Көшпенділік – мәдениет пен өркениет түрі: заманауи...

«ЗАКОНЫ НЕ РАБОТАЮТ»: УДОБНЫЙ МИФ ИЛИ ГОРЬКАЯ ПРАВДА? 

ЕСТЬ ФРАЗА, КОТОРУЮ В КАЗАХСТАНЕ МОЖНО УСЛЫШАТЬ ПОЧТИ В...