Түркістан облысында 4000-нан астам көлік қазақстандық нөмір алды

Түркістан облысында шетелдік көліктерді заңдастыру бойынша 23 қаңтардан бүгінгі күнге дейін 10 101 тұрғынның өтініші келіп түсті. Соның арасында барлық талапқа сай келетін 4126 көлік заңдастырудан сәтті өтті. Оның ішінде 3809-ы Ресей Федерациясының көлігі болса, 285-і Арменияға тиесілі.
Сондай-ақ Қырғызстаннан 17 көлік, Грузиядан 11 көлік, Оңтүстік Кореядан 3 көлік, Латвиядан әкелінген 1 көлік бар. Одан бөлек 2022 жылдың 1-қыркүйегіне дейін шетелден әкелінген 1117 көлік иесінің өтініші кері қайтарылды. Осы ретте облыс тұрғындарына аталмыш акция 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін өткізілетінін ескертеміз. Сондықтан тұрғындар үшін жасалып жатқан акцияны тиімді пайдаланып, шетелдік көлігіңізді рәсімдеп алуыңызға болады.
Тіркеу үшін көлік иесінен өтініш, өтініш берушінің жеке куәлігі, көлік құралының паспорты немесе көлік құралын тіркеу туралы куәлігі, көлік құралына меншік құқығын растайтын құжат қажет.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Атқарушылық іс жүргізу саласындағы заңдылықты сақтау

Қазақстан Республикасында атқарушылық іс жүргізу саласындағы заңдылықты сақтау, азаматтардың...

Сыбайлас жемқорлық – қоғам дамуына кедергі келтіретін қауіпті құбылыс

Қоғамның өркендеуі мен мемлекеттің тұрақты дамуы заң үстемдігіне, әділдікке...

Ұлттық жоба аясында жеті қалада кәріз-тазарту құрылысы салынуда: министрлік басты мәселелерді атады

Елімізде кәріз-тазарту құрылыстарының жай-күйі мәз емес. Кейбірінің тіпті әбден...

От образования до внешней политики: чем заинтересовала казахстанцев книга Токаева

Книга Президента Касым-Жомарта Токаева «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз»...