Түркістан облысында Ұлттық ұланның әскери қызметшілері мен полицейлердің гарнизондық байқауы өтті

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында, Түркістан облысы полиция департаментінің қызметкерлері мен Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің гарнизондық байқауы өтті. Байқауға облыстық департамент бастығы полиция генерал-майоры Мұрат Қабденов қатысып, жеке құрамды келе жатқан мерекесімен құттықтады.

«Сіздерді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын! Еліміз өркендеп, халықтың бірлігі нығайсын. Тәуелсіздіктің іргетасы мызғымасын, халықтың үміті — асқақ, ал егемендігіміз — тұрақты болсын. Отбасыларыңызға амандық, зор денсаулық пен өркендеу тілеймін! «, — деп атап өтті облыстың бас полицейі.

Байқау барысында жеке құрамның қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қызмет атқаруға дайындығы тексерілді. Сондай-ақ сыртқы келбетіне, саптық түсім дағдыларына, бөлімшелердің жалпы үйлесімділігі мен қызметтік автокөліктің жай-күйіне назар аударылды.

Полиция департаментінің басшылығы мереке мен демалыс күндері қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында нұсқаулық өткізді. Тәртіп сақшылары үшін бұл күндері адамдардың тыныш демалуы өте маңызды. Ал қызмет атқару, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету — полицияның басты міндеті.

Байқау соңында Ұлттық ұланның әскери қызметшілері мен полицейлері салтанатты шерумен өтіп, өздерінің қызметтік міндеттерін орындауға кірісті.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ

Сыбайлас жемқорлық — заңды бұзу ғана емес, қоғамның әділдікке...

Әкімшілік іс жүргізу барысындағы дәлелдемелер және дәлелдеудің тәртібі мен ерекшеліктері

Соттар талап қою нысанасын дәлелдеу процесінде тараптардың, атап айтқанда...

Кассациялық сот құру сот төрелігінің сапасын және азаматтардың жалпы соттарға деген сенім деңгейін арттыру

Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судяларының мәртебесі туралы» Конституциялық...

Конституциялық құқық белгілерінің бірі — мемлекеттік тіл

Тіл – ұлттың рухани байлығы, елдің тарихи жады мен...

Сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу және болдырмау іс шаралары

Қазіргі таңда әрбір дамыған мемлекеттің алдында тұрған ең басты...