12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Түркістан облысында қарсы бағытқа шығып, авариялық жағдай туғызған жас жігіт жауапқа тартылды

Түркістан облысының полицейлері әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу кезінде, жол бойында қарсы қозғалыс жолағына шығып, өзге көліктерге кедергі келтірген «Nexia-2» көлігінің бейнежазбасын анықтады.
Аталған құқық бұзушылықты жасаған жүргізушіні табу мақсатында, тәртіп сақшылары бірден іске кірісіп, жан-жақты тексеру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде оқиға Жетісай ауданында болғаны анықталды. Көлік жүргізушісі Мақтаарал ауданының тұрғыны, жас жігіт болып шықты.
Жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабы 5-бөлігі «Көлiк құралын жолдың жүру бөлiгiнде орналастыру, қарсы жүрiп өту немесе басып озу қағидаларын бұзу» мен 599-бабы 1-бөлігі «Бағдаршамның тыйым салатын сигналына немесе реттеушiнiң тыйым салатын қимылына қарамай өту» бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Ал көлік айыптұраққа қойылды.
Осы орайда полицейлер кейбір жүгенсіз жүргізушілерге құр мақтанға салынып, жол қозғалысы ережесіне салғырт қарамауды қатаң ескертеді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Қызылорда облысында сотталғандар Абай шығармашылығын дәріптеді

Қызылорда облысында сотталғандар Абай шығармашылығын дәріптеді, - деп хабарлайды...

Ақ халаттылардың ақ жүрегі: өмірін медицинаға арнаған егіздер

Анар мен Назипа – бала күнінен дәрігер болуды армандаған...

В Карасайском районе впервые проведена высокотехнологичная ревизионная операция на тазобедренном суставе

В Карасайской клинической многопрофильной центральной районной больнице Алматинской области...

Қарасайда алғаш рет жамбас буынын қайта алмастыру бойынша жоғары технологиялық ота жасалды

Алматы облысының тұрғыны 1957 жылы туған. Науқас Қарасай клиникалық...

Жаңа кассациялық сот өз жұмысын бастады

Мемлекет басшысы 1 шілде 2025 жылдан бастап қылмыстық, азаматтық...