Түркістан облысында күл-қоқыс таситын полигон мен күкірт қышқылын өндіретін зауыт салу мәселесі қалай шешіліп жатыр — облыс әкімі жауап берді

Түркістан облысында 100 млрд теңге болатын күкірт қышқылын өндіретін зауыт салынады. Бұл туралы өңір басшысы Дархан Сатыбалды Орталық коммуникациялар қызметіндегі есептік кездесуде мәлім етті, — деп хабарлайды Zanmedia.kz порталы.

Зауыттың құрылысы 2024 жылы басталады.

«Бүгінде облыс өнеркәсібінің негізін тау-кен өнеркәсібі яғни уран өндірісі құрайды. «Қазатомөнеркәсіп » ұлттық компаниясы Созақ ауданында күкірт қышқылын өндіретін зауыт салуды жоспарлап отыр. Жер учаскісі анықталып, компания тарапынан техникалық-экономикалық негіздеме әзірленіп жатыр. 2024 жылы зауыттың құрылысы басталады. Жобаның құны – шамамен 100 млрд теңге», — деді Дархан Сатыбалды.

Ал журналистердің: «Түркістан облысында күл-қоқыс таситын полигон мәселесі күрделі болып тұр. Ауылдарда заңсыз алаңдар пайда болып, жазық даланы қоқыс қаптаған деген шағымдар көп. Бұл мәселені шешу мүмкін болмай тұр?», — деген сұрағына облыс әкімі күл-қоқыс полигоны бойынша мұндай мәселе бар екенін айтты.

Облыста қазір 159-ға жуық белгіленген полигон орындары бар. Санитарлық-экологиялық департаменттерімен кездескен кезде олардың 70% сол талаптарға сай келмейді дейді. Олар бойынша әрқайсысын анықтап, қосымша қандай жұмыстар керек екенін зерделеп барып,  жергілікті бюджеттен жобалық-сметалық құжаттарын дайындағаннан кейін қаржыландырып сәйкестендіреміз. Жылына екі рет спутниктік түсірілімдерді алып отырамыз. Сол жерден ретсіз күл-қоқыс тастап кеткен жерлерді анықтап, күнделікті тазалап, полиция департаментімен бірге айыппұл салып жатырмыз, — деді облыс әкімі Дархан Сатыбалды.

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ

Сыбайлас жемқорлық — заңды бұзу ғана емес, қоғамның әділдікке...

Әкімшілік іс жүргізу барысындағы дәлелдемелер және дәлелдеудің тәртібі мен ерекшеліктері

Соттар талап қою нысанасын дәлелдеу процесінде тараптардың, атап айтқанда...

Кассациялық сот құру сот төрелігінің сапасын және азаматтардың жалпы соттарға деген сенім деңгейін арттыру

Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судяларының мәртебесі туралы» Конституциялық...

Конституциялық құқық белгілерінің бірі — мемлекеттік тіл

Тіл – ұлттың рухани байлығы, елдің тарихи жады мен...

Сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу және болдырмау іс шаралары

Қазіргі таңда әрбір дамыған мемлекеттің алдында тұрған ең басты...