Түркістан облысында алғаш рет «ІІО тарихи мұрасын сақтау мен насихаттау» мақсатында семинар-кеңес өтуде

Тарихы терең Түркістан облысында «ІІО тарихи мұрасын сақтау мен насихаттау» тақырыбында алғаш рет үш күнге жоспарланған семинар-кеңес өткізілуде. Ауқымды іс-шараға ҚР ІІМ Идеологиялық және имидждік департаменті басқарма бастығының орынбасары полиция полковнигі Саят Байкенов, ҚР ІІМ Мұражайының басшысы Алмагүл Сатмағанбетова, мұражай қызметкері Бибінұр Мусина, сондай-ақ бірқатар облыстардың мамандары мен мұражай меңгерушілері келді. Полиция ғимараттарында ерлік бұрыштарын жасауда архивтік материалдарды пайдаланудың әдіс-тәсілдерін меңгеру үшін Түркістан облысындағы полиция бөлім, басқармаларының кадр саласы бойынша басшылары да қатыстырылуда.

Тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылған дөңгелек үстелді Түркістан облысы ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Б.Сапар ашты. Одан әрі министрліктен келген С.Байкенов, А.Сатмағанбетовалар «Архив-2025» мемлекеттік бағдарламаны іске асыру шеңберінде ІІО музейлері дамуының негізгі бағыттары бойынша баяндама жасады. Бейнежазбалар қолданыла отырып, музей ісін жандандыру мәселелері қаралды. Практикалық сабақтар ұйымдастырылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты — Семинардың мақсаты Архив — 2025 мемлекеттік бағдарламасы аясында ІІО тарихи мұрасын сақтау және насихаттаудың жолдарын пысықтау, Ішкі істер саласында үлгілі қызмет атқарған, қызмет бабында ерлікпен қаза тапқан полицейлердің есімін ұмытпау, Ішкі істер органдарының тарихын зерделеу, ІІО мұражай ісінің дамуына үлес қосу.

Семинардың алғашқы күні Жеңіс саябағындағы Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімімен қорытындыланды.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына 20 үміткер анықталды

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын беру жөніндегі конкурстық комиссияның қорытынды...

ҚазҰУ-да «Жасанды интеллект дәуірі: Баспа ісі, медиа және дизайн» атты халықаралық күзгі мектеп басталды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Ұлттық баспа күніне орай...

Жетісу облысындағы инсульт орталықтарында Cerebra жасанды интеллект жүйесі енгізілді

Жетісу облысындағы барлық инсульт орталықтарында ишемиялық және геморрагиялық инсультті...

Как горный туризм может расширить экономику Алматы

Развитие Алматинского горного кластера и проекта Almaty SuperSki может...