Түркістанда қашқынға іздеу жарияланды

Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті Түркістан қалалық пробация қызметінің есебінде тұрған, қоғамнан оқшаулаусыз жазаларға сотталғандар тарапынан жасалатын құқық бұзушылықтар мен қылмыстың алдын алу, іздеу жарияланған сотталғандардың тұрғылықты жерін анықтау мақсатында ұйымдастырылған шараға орай инспекторлар күшейтілген қызмет түріне көшті.

Осындай іздеу нәтижесінде Түркістан қалалық пробация қызметінің есебінде тұрған 1 сотталған азаматқа іздеу жариялады. Ол пробация қызметкерлері ескерткен ескертулерге құлақ аспай, жаза өтеу тәртібі мен шарттары түсіндірілгеніне қарамастан бірнеше рет, яғни әкімшілік жауапкершілікке тартылып, белгіленген уақытта үйінде болмай, прфилактикалық іс-шаралаға қатысу үшін есеп беруге келмей, сот жүктеген міндеттерді орындамай жаза өтеу тәртібін қаскөйлікпен бұзған.

«Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаменті Түркістан қалалық пробация қызметкерлерінің ұсынысымен жазасын өтеуден қасқөйлікпен жалтарып жүрген сотталған Надир Батырбайұлы Закиржановқа қатысты халықаралық іздестіру жарияланып, жаза өтеу мерзімі тоқтатылып, «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасы тағайындалды.

Сотталғандарға пробациялық есепке алынған күні олраға сот тарапынан жүктелген міндеттер толығымен түсіндіріледі. Соған қарамастан заңды заңды қаскөйлікпен бұзатындар кездеседі. Надир Закиржанов 1988 жылы 27 желтоқсанда Түркістан облысында туылған, ұлты өзбек, ҚР-ның азаматы, ажырасқан, бұрын сотты болмаған. Ол 07.09.2022 жылғы Түркістан облысы Түркістан қалалық сотының үкімімен ҚР ҚК-нің 190 бабы 3 бөлігі 3 тармағымен кінәлі деп танылып, оған осы баппен 3 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, пробациялық бақылау белгіленген. Жаза өтеудің бүкіл мерзімі ішінде жыл сайын 100 сағаттан аспайтын мәжбүрлі еңбекке тартылған. Аталған сот үкімі 27.10.2022 жылы күшіне енген болатын. Сотталған Н.Закиржановқа сот процесі барысында жаза өтеу талаптарымен шарттары, Сот жүктеген міндеттер және аталған Сот үкімі заңды күшіне енгеннен кейін он тәулік ішінде тұрғылықты жері бойынша Пробация қызметі бөліміне есепке қою үшін бару міндеттері толығымен түсіндірілген. Алайда, ол Сот үкімі күшіне енбей тұрып, 15.09.2022 жылы сағат 18:24-те PGT-225 AK «PEGASUS» Шымкент-Стамбул тұрақты рейсімен Шымкент қаласының аэропортынан Түркия мемлекетіне ұшып кеткендігі анықталған. Қайта Қазақстан Республикасының шекарасынан өтпеген. Қазіргі таңда, Түркістан облысы Полиция департаменті Жедел-іздестіру басқармасының қызметкерлерімен аталған сотталғанға қатысты халықаралық іздестіру жұмыстары жүргізілуде»,- деді Түркістан қалалық пробация қызметі бөлімінің аға инспекторы әділет аға лейтенанты Абдуали Мұхамбетқалиев
Жоғарыда аты аталған сотталғанға қатысты бір мәліметті білсеңіздер немесе осы азаматтарды көрген болсаңыздар бірден өздеріңіздің жергілікті қызметкерлерге толық хабарлама беріп, қандайда бір мәлімет болған жағдайда дер кезінде 102 арқылы хабар беруді немесе Келес аудандық ПБ-нің КПБ-не жеткізуді немесе Түркістан қалалық Пробация қызметіне хабарласуыңызды сұраймыз.

Развитие предпринимательства

В учреждении №79 Департамента уголовно-исполнительной системы по Атырауской области...

Шаңырақ күні – отбасы жылуының көрінісі

Шаңырақ күні аясында отбасы құндылықтарын нығайту мақсатында мекемеде ерекше...