Түркістан қаласы әкімдігінің жанындағы қылмыстық жазаларды орындайтын пробация қызметі есебінде тұратын сотталғандарды жұмыспен қамту және әлеуметтік жағдайларын жақсарту мақсатын жергілікті атқарушы органдармен өзара әрекеттесудің мәселелерін талқылау бойынша 2023жылы 29 наурызда Түркістан қаласы әкімдігінің ғимаратында консультациялық- кеңесші органының отырысында талқыланды.
Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Кузембаев төрағалық етуімен консультативті кеңес жиналысы өткізілді. Аталған шараға Қалалық пробация бөлімінің бастығы әділет майоры Ақмарал Торланова, Түркістан қаласы прокурорының орынбасары Максат Ералиев, Түркістан қаласы прокуроры Нұрдәулет Жанатаев, Түркістан қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің сектор меңгерушісі, комиссия хатшысы Шолпан Амирова, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Эльмира Бейсенова, Халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Ақмарал Жулаева, қалалық емхана бас дәрігері Райымбек Тасырбаев, Адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Оразкүл Қолдасова, Түркістан ҚПБ жергілікті полиция бастығы, полиция подполковнигі Шалбай Меңдібаев, Тұрғын-үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Абжаппар Сәкенұлы, Бизнесті қолдау және туризм бөлімінің басшысы Талғат Қыдырбаев, Жастар ресурстық орталығының директоры Намазхан Қайратұлы, Түркістан облыстық «Семей ядролық полигоны» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Құралтай Салықбаев қатысты.
Аталған шарада қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі мәселер назардан тыс қалмады.
Күн тәртібінде пробация қызметі бөлімшесінің есебінде тұрған азаматтарға әлеуметтік құқықтық көмек көрсету мәселелері туралы қалалық пробация қызметі бөлімшесінің бастығы Ақмарал Торланова баяндама жасады. Яғни қала көлемінде пробация есебінде қанша адам есепте тұр, олардың бүгінгі әлеуметтік, психологиялық жағдайы және оларға пробация тарапынан көрсетіліп жатқан көмектер туралы да сөз қозғалды.
Есепте тұратын сотталған азаматтардың ішінде әлеуметтік-құқықтық көмек алуға мұқтаж сотталған тұлғалардың ұсыныстары тыңдалып, мамандардың қатысуымен өтініштері қабалданып, көмек көрсету іс-шараларын бастап кетті. Құрылған консультативтік-кеңесші органның негізігі мақсаты есепте тұратын сотталған азаматтарға әлеуметтік-құықтық көмек көрсету балып табылады. Қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын атқаратын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу жөніндегі сондай-ақ, қылмыстық жазасын өтеген адамдарға өзге де көмектер көрсетілуде, — деді әділет майоры.
Осы тіркеуде тұрған азаматтардың бүгінгі жағдайлары кеңес отырысында назарға қойылды. Жазасын өтеп, қатесін түсінген азаматтарға қоғамда қай уақытта да қолдау бар. Кеңес отырысында пробация қызметінің есебінде тұрған сотталған азаматтарға барынша қолдау көрсету, көмек беру кеңінен сөз болды. Жеке кәсібін ашамын дегендерге мемлекет тарапынан қайтарымсыз грант беру, еңбекке жарамды азаматтарды жұмысқа орналастыру, отбасылық жағдайларына қарай әлеуметтік көмек тағайындау сияқты мәселелер көтеріліп, ұсыныс пікірлер ортаға салынды. Кеңес отырысында көтерілген мәселер бойынша пробация қызметті жүйелі түрде жұмыс жасауда. Сотталған азаматтардың қайта қылмыс жасауының алдын алу барысында атқарылатын жұмыстар да жиын барысында талқыланды.


